Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » ПАРТИЯ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 600 ОРЫНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

ПАРТИЯ БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 600 ОРЫНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІ АШЫЛДЫ

Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаев Қазалы ауданына сапары кезінде Әйтеке би кентіндегі 600 орындық мәдениет үйінің ашылу рәсімінде тұрғындарды құттықтады. Іс-шараға ҚР Парламенті Мәжілісіндегіі "AMANAT" партиясы фракциясының мүшелері Мұрат Әбенов, Мархабат Жайымбетов, Мұрат Ергешбаев және партияның облыстық филиалының төрағасы Наурызбай Байқадамов қатысты.
Іс-шарада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Ергешбаев қазалылықтарды жаңа мәдениет ошағының ашылуымен құттықтап, «РЗА» АҚ президенті Самұрат Имандосов бата берді.
Айта кетейік, өткен жылы облыста 150 орындық төрт клуб жаңадан салынып пайдалануға берілді. Қызылорда қаласында отбасылық құндылықтар мен салт-дәстүрді дәріптейтін «Анаға тағзым», «Отбасы» орталықтары қызметін бастады.
Биылға да өңірдің мәдениет пен спорт саласында ауқымды жобалар жоспарланған. Облыс орталығында халықаралық стандарттарға сәйкес келетін Орталық стадион және жабық бассейні бар көпсалалы дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Келесі жылы нысандар ел игілігіне табысталады.
Сондай-ақ, жуырда барлық аудандарда музей, кітапхана, архив, неке қию залы, ардагерлер және аналар, жастар орталықтарын біріктіретін типтік үлгідегі «Руханият» орталықтарының құрылысы басталмақ. Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау мақсатында Қызылорда қаласында «Шығармашылық академиясы» салынады.

#AMANAT
11 қаңтар 2024 ж. 568 0

Егемен елге еге – мен!

25 қазан 2025 ж. 134

Елімен бірге есейген

25 қазан 2025 ж. 120

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031