2024 жылы қандай түс пен киім сәнге кіреді?
Фото
Kyzylorda-news.kz. Адамның киіміне қарап талғамына баға береді. Қолыңызда ақшаңыз болса, қазіргі күні киімнің түр-түрін сатып ала аласыз. Бірақ сол талғамымыз қандай? Әлемдік болсын, отандық болсын дизайнерлер ең бірінші жарасымды киіне білу керек дейді.
Сонымен келесі жылы қандай түстер сәнге айналады, Sputnik Қазақстаннан оқыңыз.
Ежелгі дәуірден келе жатқан былғары киімдер күні қазірге дейін өзінің бағасын төмендеткен емес. 2024 жылы да былғарыдан тігілген киімдер трендте болады. Әлемдік дизайнерлер ұлу жылы жұмсақ былғарыны белсенді түрде қолданатын болады. Сондай-ақ шашақты киім сәнге айналады. Ал ешқашан сәннен түспеген джинсы матасы бар киімдер де биылғы сәннің төрінде болады. Жаңа сән маусымында трикотаж бен тоқыма киімдер іздеп жүріп сатып алатын киімдер қатарына кіреді. Өйткені әлемдік дизайнерлер бұндай киімдердің модаға айналатынын айтады. Дизайнелердің айтуынша, трикотаж бен былғары үйлесімді тұрады. Қысқасы биыл қыста сәнқой болып көрінгіңіз келсе, былғары киімдер: былғары етік, қолғап, бас киімдеріңіз, жүннен тоқылған киімдеріңіз міндетті түрде болсын.
Қазақстандық "Ainur Turisbek" брендінің негізін қалаушы әрі дизайнер Айнұр Тұрысбек өз коллекциясын сән әлемі дамыған Франция, Милан, Италия, Монте-Карло және басқа да елдерде көрсетіп келеді.
Ал жазда ашық түсті сарафан көйлектер сәнге айналады
Ұлу жылының тағы бір сәнді киімі – жырығы тым үлкен жемпірлер, белдемшелер, кардигандар. Әлемдік дизайнерлер келесі жылы Сафари сән үлгісін кеңінен қолданады. Өйткені бұл сән үлісі аса талғампаздықты білдіреді.
Әлемдік дизайнерлер биыл да классикалық киімдерден айналып өтпеген. Өйткені жылдың қай маусымында болсын классика кез келген адамды әдемі етіп көрсетеді. Бірақ әркім өзінің талғамы мен талабын ұмытпау керек, дейді олар. Ең бастысы сапалы матасы бар киімді таңдаңыз.
Kyzylorda-news.kz. Адамның киіміне қарап талғамына баға береді. Қолыңызда ақшаңыз болса, қазіргі күні киімнің түр-түрін сатып ала аласыз. Бірақ сол талғамымыз қандай? Әлемдік болсын, отандық болсын дизайнерлер ең бірінші жарасымды киіне білу керек дейді.
Сонымен келесі жылы қандай түстер сәнге айналады, Sputnik Қазақстаннан оқыңыз.
2024 жылғы сән үлгісі
ХХ ғасырда сән әлемі қатты дамыды, бірақ бұрынғы сән үлгілері де қайта оралып, трендке айналып жатады. Сондай-ақ бұл кезеңде адамдар сәнді қуып қоймай, үйлесімді және ыңғайлы киімге де бет бұра бастады, соның өзін сәнге айналдыра білді. Танымал дизайнер Аида Қауменованың айтуынша, адам әр жылғы сәнді қуаламау керек."Әр адамның стилі бар, өзіне не жарасымды екенін біледі. Биыл мынау модада, келесі жылы анау модада деп киінуге болмайды. Өйткені әр жылдың тренді болғанымен, адам өзіне не жарасымды екенін жақсы білу керек. Менің ойымша, сән деген ұғым тренд немесе бренд киімдерді киюде ғана емес, талғаммен киіне білуде. Егер сәнді болып көрінгіңіз келсе, жарасымды киіне біліңіз", - дейді Қауменова.Биыл әлемдік дизайнерлер қатып қалған қағидаға сүйенбей, адамға жайлылық пен үйлесімділікке ден қойыпты.
Ежелгі дәуірден келе жатқан былғары киімдер күні қазірге дейін өзінің бағасын төмендеткен емес. 2024 жылы да былғарыдан тігілген киімдер трендте болады. Әлемдік дизайнерлер ұлу жылы жұмсақ былғарыны белсенді түрде қолданатын болады. Сондай-ақ шашақты киім сәнге айналады. Ал ешқашан сәннен түспеген джинсы матасы бар киімдер де биылғы сәннің төрінде болады. Жаңа сән маусымында трикотаж бен тоқыма киімдер іздеп жүріп сатып алатын киімдер қатарына кіреді. Өйткені әлемдік дизайнерлер бұндай киімдердің модаға айналатынын айтады. Дизайнелердің айтуынша, трикотаж бен былғары үйлесімді тұрады. Қысқасы биыл қыста сәнқой болып көрінгіңіз келсе, былғары киімдер: былғары етік, қолғап, бас киімдеріңіз, жүннен тоқылған киімдеріңіз міндетті түрде болсын.
Қазақстандық "Ainur Turisbek" брендінің негізін қалаушы әрі дизайнер Айнұр Тұрысбек өз коллекциясын сән әлемі дамыған Франция, Милан, Италия, Монте-Карло және басқа да елдерде көрсетіп келеді.
"Қай коллекцияда болсын міндетті түрде адамның еркіндігін негізге аламыз. Ең бастысы матаға назар аударамыз, табиғи маталардан жасалынады. Жыл сайын креативті экономикаға назар аударылып келеді. Болашақта қазақстандық дизайнерлер сән әлемінде үлкен жзетістіктерге қол жеткізетініне сенімдімін", - дейді Айнұр Тұрысбек.
2024 жылы қандай түстер сәнге кіреді
Жалпы 2024 жылы қыста ақ пен қара, сұр түстер көш бастайды. Отандық танымал дизайнер Леонид Жеребцов та өз туындыларына осы түстерді қолданатынын айтады."Келесі жылы ақ, қара, сұр түсті маталар сәнге айналады. Қысқа көйлектер жаңа маусымда жаңа сән түріне енеді. Жақында Пантон өте нәзік шабдалы түсті келесі жылы сәнге айналатынын айтты. Мен драп маталарды да 2024 жылы сәндік маталар тізіміне енеді деп айта аламын. Сондай-ақ алтын түстес киімдер. Қолға ұстайтын алтын түстес сумкалар, аксессурлар, киімге жабыстырылған алтын түстес жолақтар да келесі жылы сән әлеміне енеді", - дейді Леонид Жеребцов.Сондай-ақ ұзын белдемшемен костюм немесе шалбарлы кең иықты костюм де 2024 жылдың тренді болады. Айтпақшы жалпақ белбеу де келесі жылы сәнге кіреді.
Ал жазда ашық түсті сарафан көйлектер сәнге айналады
Дизайнерлер кеңесі
Парижде болған сән апталығында қайта өңделіп тігілген киімдер ұсынылды. Дизайнерлердің айтуынша, мұндай киімдер үлкен сұранысқа ие болады. Үйіңізде көптен бері киілмей тұрған киім болса, тастамаңыз. Құрап, басқа киім тігіп алуыңызға болады. Өйткені, дәл осындай киімдер 2024 жылдың сәніне айналады. Әсіресе джинсыдан құрап тігілген киімдер нағыз тренд болады.Ұлу жылының тағы бір сәнді киімі – жырығы тым үлкен жемпірлер, белдемшелер, кардигандар. Әлемдік дизайнерлер келесі жылы Сафари сән үлгісін кеңінен қолданады. Өйткені бұл сән үлісі аса талғампаздықты білдіреді.