Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Джинс шалбарын таңдауда жіберілетін қателіктер

Джинс шалбарын таңдауда жіберілетін қателіктер

Қазір джинс шалбар әр әйелдің гардеробынан табылады. Ол әйелдердің жылдың барлық мерзімінде тастамай киетін сүйікті киімінің бірі десек те қателеспейміз. Джинс шалбарының дұрыс, сапалы әрі жарасымды түрін тапсаңыз, оны бірнеше жыл қатарынан киесіз. Бірақ оны таңдау оңай шаруа емес. Жақсы джинс шалбарын алу үшін дүкенде мына қателіктерді жібермеңіз.
Дүкенде нашар көңіл күймен жүресіз
Джинс шалбарының бірнешеуін қайта-қайта киіп көру оңай шаруа емес. Біріншісінің белі үлкен, екіншісінің саны қысады, ал үшіншісінің балағы өте ұзын болуы мүмкін. Мұндай сәтсіздіктер шалбар сатып аларда сирек болатын жағдай емес. Сондықтан бір-екеуін киіп көргеннен кейін бірден көңіл күйіңізді түсірудің қажеті жоқ. Дұрыс джинс шалбарын міндетті түрде табасыз. Бірақ дүкеннің ішінде нашар көңіл күймен жүрсеңіз, сізге жарасатын жақсы шалбарды байқамай қалуыңыз әбден мүмкін.
Тек трендті үлгі іздейсіз
Кейде сәнді тенденцияларды елемей, классикаға мән берген жөн. Оның үстіне джинс шалбары – бізге күнде керек болатын әмбебап киім. Трендтер келіп-кетіп жатады, ал сүйікті шалбарыңызды бірнеше жыл қатарынан киесіз. Сәнді тенденцияларды бақылап жүргенді ұнатсаңыз да, шалбарға келгенде оның үлгісі мен пішімі маңызды рөл атқаратынын ұмытпаңыз. Егер жаңа тренд сіздің дене пішініңізге сай келмесе, ол қанша стильді болғанымен мұндай шалбарда өзіңізді ыңғайсыз сезінуіңіз мүмкін.
Джинс шалбарының бір түрін қайта-қайта ала бересіз
Сізге скинни джинс шалбары жарасатындықтан әркез тек соны ала берген де тұрған ештеңе жоқ. Бірақ сізге жарасатын басқа да түрлері бар шығар. Сондықтан клеш, бойфренд сияқты джинс шалбарының басқа да үлгілерін киіп көріңіз.
Джинс шалбарын киіп қараған кезде қозғалмайсыз
Джинс шалбарын киіп, бір орында тұрған кезде оның ыңғайлы болуы күнделікті өмірде де сондай болатынын білдірмейді. Ол отырғанда және жүргенде де ыңғайлы болуы керек. Сондықтан киім киіп көретін бөлменің ішіндегі орындыққа отырып көріңіз және мүмкіндік болса, әрі-бері жүріңіз.
Қалтасы жоқ джинс шалбар аласыз
Джинс шалбарда қалта болуының еш артықшылығы жоқ. Артқы қалталары жоқ жабысып тұратын материалдан жасалған джинс шалбар кейде бөксені тегіс етіп көрсетеді.
Материалына мән бермейсіз
Егер сапасыз джинс шалбар болса, бірнеше кигеннен кейін ол созылып кетеді немесе тізесі шығып тұрады. Ал оны қалпына келтіремін деп қайта-қайта жуғасын ол өңін жоғалта бастайды. Сондықтан джинс шалбарды сатып аларда оның материалына мән беру керек. Классикалық джинс шалбары 100% мақтадан тұрады. Соңғы кездері оған 2-7% эластан қосады. Сол кезде шалбар сәл созылмалы бола түседі.
massaget.kz

05 қараша 2019 ж. 1 320 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 77

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 71

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930