2018 жылдың сәнге айналатын шаш үлгілері
Әрбір қыз баласы шаш үлгісін өзгертіп, бұйралап, бояғанды ұнатады. Өзіңізді өзгертетін уақыт келді десеңіз, 2018 жылдың ең үздік шаш үлгісін таңдаңыз. Өзіңізді өзгертіп, трендпен жүруге қорықпаңыз. Сіздің әдемілігіңіздің бірден бір бөлігі – шаш үлгіңіз!
2018 жылдың ең үздік сәніне — бұйра шаш кірмек. Тіп-тік ұзын шаштар мен ұсақ, мінсіз бұйралар сәннен кетті. Бұйра шашыңыз неғұрлым ұқыпсыз жасалынса, соғұрлым әдемірек көрінеді. 80-ші жылдардың естелігі қайта оралуда.
Универсалды стиль әрқашан сәнде. Қысқа боб – 80-жылдардың үлгісі болғанымен қазір қайта оралды. Ұлдардың шаш үлгісіне ұқсайтын бұл түр — 2018 жылдың тренді. Бұл шаш үлгісі ұлдарға да қыз баласына да өте жарасымды. Қазіргі жұлдыздардың да таңдауы осы шаш үлгісіне тоқталған. Тарап, жуу да, кептіру де қиындық туғызбайды.
2018 жылы «қатып қалған қағиданы» бұзып, шекарадан шыққан шаш үлгілері сәнге келуде. Өзгеріс қысқа шаштарға да келді. Бұл шаш үлгісін тек батыл, өзіне сенімді қыздар ғана қолдана алары сөзсіз. Шаштардың әсемдігі неде? Олар сәнді ғана емес, тез кептіріп, тез жууға мүмкіндік береді. Тек қысқа шаштар ғана көздің түсін, қыздың әдемілігін толық көрсете алады.
Ұзын шаш және қысқа кекіл
Кекіл – өзіне сенімді және заманауи ханымдардың атрибуты болып қала бермек. Әсіресе, трендте олар қысқа болғанда. Сәннің соңғы шыңына шықтық! Тек жас қыздарға ғана емес, егде жастағы ханымдарға да жараса кететін бұл шаш үлгісі, жас көрсететіні белгілі. Бұл шаш үлгісіне сәл күтіммен қарап, түзеп отырса болғаны. Бірақ, бәріне кекіл жараса бермейді. Бұйра шашты ханымдарға кекілден бас тартуға тура келеді. Бет әлпеті дөңгелек, төртбұрышты әйелдерге бұл шаш үлгісі мүлдем жараспайды. Бұны да ескерген жөн.
Әртүрлі ұзындықтағы шаш
Ұзын шаштың барлығы тренд деп кім айтты сізге? Шашты өсіріп, әдемі көріну бәрінің қолынан келе бермейді. Күнделікті күтім арқылы ғана әдемілікке қол жеткіземіз. Бұл жылы шашты әдемі түске бояу ғана емес, оны әртүрлі ұзындықта кесу сәнге айналмақ. Лоскутты және каскадты шаш үлгісі – ерекше тренд иесі. Ерекше көлем беретін бұл шаш үлгісіне, өру де, бұйралау да әдемі жарасады.