Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемде биік дана бар, ол ардақты аналар

Әлемде биік дана бар, ол ардақты аналар

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық баяндамасы аясында Ғ.Мұратбаев ауылының Мәдениет үйінде Аудандық әдістемелік кабинеттің жоспарына сәйкес Ғ.Мұратбаев атындағы №91 мектептің ұйымдастыруымен «Ана жүрегінің жылуы» атты семинар өтті.
Семинарға ауылдың ардагер аналары келіп қатысты.Мерекелік шараны аталмыш мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.Бақытбергенов пен мектеп психологы М.Қалиева жүргізді. Семинар «Ана мейірімі» атты әсерлі видеоролик көрсетумен басталды. Видеороликтегі ананың балаға деген шексіз мейірімі көрермендердің көңілін толқытып, көздеріне еріксіз жас алғызды. Сахна төрінен орын алған батыр ана Бақыт Тәжімұратова, Рысты Оразалиева, Күләй Рахметова, Маруа Мағауияева, ауылымыздың әйелдер кеңесінің төрайымы Эльмира Әйтмағамбет өз аналары туралы естеліктер мен жүрек түбінде сақталып қалған бейнелерін еске алып, көздеріне жас алды. Ардагер ұстаз Рысты Оразалы өз анасының күйеуінің соғыстан оралмай, төрт баланы жалғыз асырағанын, басындағы қиыншылыққа мойымай ер азаматтармен қатар күріш егіп, ерен еңбегінің арқасында Социалистік Еңбек Ері атағын алғанын, бала тәрбиесін де шет қалдырмай, жоғары білімді азамат етіп өсіргенін айтты.Шынашақтай ғана анасының соншама күш-қуатына қайран қалатынын білдіріп, бір толқып алды. Сонымен бірге аналарымыз ауылымыздағы денсаулығына байланысты үйден оқитын екі оқушыға демеушілік жасап, бірі оқу құралын ұсынса, бірі жаңа жылдық кастюм сыйға тартып өз мейірімдерінің шексіз екендерін көрсетті.
Семинардың екінші бөлімінде қазіргі кезде әр салада еңбек етіп жүрген балаларының аналары туралы толғаныстары видеролик арқылы көрсетілді. Балалары аналарының мейірімі мен өздері үшін қадірлі жан екендерін әңгімелеп, жүрек сырларын өлең жолдарымен де жеткізіп жатты. Мектебіміздің музыкалық жетекшісі, танымал әнші Б.Әуесбаев « Ана жүрегі» әнін барша аналарға арнап әуелете шырқады. Мектеп оқушылары аналарға жырдан шашу шашып, гүл шоқтарын ұсынды.
Кеш соңында сөз алған аудандық білім бөлімінің әдіскері Бағдат Орынбас бүгінгі семинарға қатысушыларды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, мерекелік шараның тағылымы мол, жас ұрпақ үшін кешегі аналарымыздың күш –қуаты мен мейірімі үлгі-өнеге екенін атап өтті. Осындай кездесулер тәуелсіз еліміздің мәңгілік ел болуына жол ашатынын айтып, кешті қорытындылады.
И.Жалимбетова
№91 мектеп мұғалімі
22 желтоқсан 2017 ж. 1 868 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 27

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930