Облыстан олжалы қайтты
Балалар жылында тыңнан шыққан таланттардың талабын шыңдау, өнерлі жеткіншекті жарыс жолында жігерлендіру, жас ғалымдардың ғылыми еңбекке еліту маңызды. Өйткені өсер елдің өрендері заман ағынынан қалыс қалмауы тиіс. Қазіргі таңда түпкі мақсаты осыған бағытталған түрлі сайыс, шаралар республикалық деңгейде қарқын ала бастады. Жақында Сыр өңірінде де «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығында «Менің Отаныма – менің бастамам» республикалық шығармашылық жобалар байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды.
Сайыс ұйымдастырушылары облыс бойынша 71 оқушы заманауи технология, ғылыми жобалар мен қолөнер, шығарма сияқты тағы басқа бағыттар бойынша бақ сынасқанын айтады.
Қазалы ауданындағы білім ошақтарында оқитын 9 оқушы 9 номинация бойынша өнер көрсеткен. Нәтижесі де көңіл көншітеді. Кіл мықтылар тізе қосқан додада «Отаным –қасиетті туған жерім» және «Киіз үй – ғаламның моделі» номинациясы үшін болған тартыста №225 мектептің шәкірті Нұржау Жақсылық пен аудандық оқушылар үйінің намысын қорғаған Айнұрай Асылбекке тең келер жан табылмаған. Осылайша бірінші орынды қанжығаға басқан. «Менің кіші Отаным» номинациясында бақ сынаған аудандық оқушылар үйінің шәкірті Әсем Әділ мен «Жаңғырту полюсін» меншіктеген Гүлімшат Жаңабек біліктілігі мен тапқырлығын таныта білгендер арасынан оза шауып, екінші орынға тұрақтаған. Сонымен қатар «Менің отбасым: сабақтастық, құндылықтар мен мағыналар» бағанында ерекшеленген №225 мектептің үміті Жосымжан Бақытұлы да екінші орынның мінберінен көрінді.
Білім мен өнер, ғылым мен қолөнер бойынша өтетін түрлі деңгейдегі сайыста қазалылық өрендердің бәсі әрқашан биік келеді. Адамнан адамның артықшылығы білімде екенін жете түсінетін жас, дарынды шәкірттер алдағы болатын бәсекелерде де олжалы қайтатынына сеніміміз мол.

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ