Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада басталды

Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада басталды


Б.К.Мергенбаев атындағы N226 мектеп-гимназия бойынша ауыл мектептері оқушыларына арналған бірінші Республикалық олимпиада басталды. Олимпиада республикамыздың ауылдық мектептерінде соңғы екі оқу жылында оқитын барлық 9-11 сынып оқушылары қатысады.


Олимпиада үш кезеңде өткізіледі:
- бірінші кезең (бастапқы) — қараша айы;
- екінші (іріктеу) — желтоқсан айы;
- үшінші (республикалық) — ағымдағы оқу жылының қаңтар айы.
І кезең онлайн платформада өтеді, оған қатысу үшін тіркеуден өту қажет. І кезең қортындысы бойынша ең жоғарғы ұпай жинаған қатысушылардың жалпы санының 35%-ы олимпиаданың ІІ кезеңіне қатысуға жберілетін болады.
ІІІ (республикалық) кезеңге ІІ кезеңнің жеңімпаздары (нәтижелерге сәйкес,әр пән мен сынып бойынша екіден артық емес) қатысады. Үшінші кезеңнің барлық қатысушылары республикалық сырттай оқу мектебіне қабылданады.
Үшінші республикалық кезеңдегі жүлдегерлер саны әр пән мен сынып бойынша қатысушылардың жалпы санының 45% құрайды және ҚР ОАМ дипломдарымен және "Дарын" РҒПО грамоталарымен марапатталады.
Олимпиаданың ашылу салтанатының алғысөзін мектеп-гимнзия директоры Умирзаков Ерик Дакенович олимпиадаға қатысушыларға сәттілік тіледі.
20 қараша 2023 ж. 185 0

Музей – тұнған тарих

18 мамыр 2024 ж. 80

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 116

ҰБТ: қам қалай?

18 мамыр 2024 ж. 88

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031