Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ардагерлер арасында шахматтан жарыс өтті

Ардагерлер арасында шахматтан жарыс өтті

«Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында аудан ардагерлері арасында шахматтан жарыс өткізілді. Аудандық партия филиалының қолдауымен және аудандық мәдениет және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен болған бәсекеде 8 ардагер бақ сынасты.

Жарыстың ашылуына арнайы аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Нұрғиса Жалғасбаев қатысып, зейнеткерлер мен ардагерлерді жан-жақты қолдау, оларға көңіл бөліп қамқорлық көрсету «AMANAT» партиясының негізгі міндеттерінің бірі екендігін айтып, сәттілік тіледі.

Ал дода барысында спорттың осы түрін серік етіп, үздік ойын өрнегін көрсеткен қарттар ойлау қабілеттерінің ұшқыр екенін тағы бір дәлелдеді. Ойында қарсыластарына дес бермей, жеңімпаз атану үшін барын салып, ойынның көрігін қыздырды.

Қазалы спорт клубынының шахмат үйірмесінің жетекшісі Мұрат Әбдіқалықов сайысқа әділ төрелік етіп, нәтижесінде зейнеткер Әбдірейм Шуренов жеңімпаз атанды. Ал ІІ орынды Айғара Жанаман, ІІІ орынды Ерболат Дәрібаев пен Шаймерден Сарбалаев иеленді. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен дәрежелі дипломдар табысталды.


Өз кезегінде жарысқа қатысушы ардагерлер ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізіп, ризашылықтарын білдірді.

#AMANAT
20 желтоқсан 2023 ж. 306 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031