Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Футболдан "Жастар кубогы" басталды

Футболдан "Жастар кубогы" басталды

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Қазалы аудандық Қоғамдық Даму Бөлімі, «AMANAT» партиясының аудандық филиалының қолдауымен бүгін Әйтеке би кенті жастары арасында кіші футболдан ”Жастар кубогының” ашылуы болды. Шараның ашылуына «AMANAT» партиясы аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Жалғасбаев Нұрғиса Жаппарбергенұлы, аудандық қоғамдық даму бөлімінің басшысы Қайрат Әбубәкірұлы және аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Нұрбек Ақпанбетұлы қатысып, команда ойыншыларын турнирдің басталуымен құттықтап, қатысушыларға сәттілік пен жеңіс тіледі.
Бұл футбол бәсекесін өткізудегі мақсат - жастардың бос уақыттарын тиімді өткізу мен оларға қолдау көрсету, түрлі салалар бойынша бағыт-бағдар бере отырып, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, жастарымызды бұқаралық спортқа тарту, жастардың бойында жігерлілік пен жеңіске деген ұмтылысты қалыптастыру болып табылады.
Жарыс әр аймақ жастарымен жеке өткізілетін болады. Бүгін алғашқы болып турнир Әйтеке би кентінің, Жаңауыл аймағындағы жастар арасында басталды. Жарысқа 6 команда қатысып, қорытындысы бойынша «1998 жылғы жастар» командасы турнир жеңімпазы атанды. Жүлделі екінші, үшінші орындарды «2006 жылғы жастар» және «2004 жылғы жастар» командалары өзара бөлісті.
Жеңімпаздар мен жүлдегер командаларға медальдар мен кубоктар табыс етілді. Сондай-ақ, турнирде үздік деп танылған Талғат Теңелбекұлы «Үздік қақпашы», Дербисалиев Жасұлан «Үздік қорғаушы», Ғасырбек Қайратұлы «Үздік ойыншы», Едігеев Әділет «Үздік сұрмерген» арнайы бағамдарымен, белсенді ойын көрсеткен қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.
30 мамыр 2023 ж. 553 0

Түркияда жер сілкінді

27 қазан 2025 ж. 141

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031