Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық ойын сананы өсіреді

Ұлттық ойын сананы өсіреді

Бүгінде жаңа заманға сай таным-түсінігі жоғары, білімді әрі мықты ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің маңызды міндетіне айналып отыр. Білімнің де, тәрбиенің де іргетасы мектепке дейінгі тәрбие ошағында қаланады. Баланың буыны бекіп, бұғанасы қатайып, дене құрылысының дұрыс жетілуі де мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса бастайды. Демек аталған шақта баланы денсаулығына, ой-өрісінің жан-жақты дамуына аса мән беру керек.
Жалпы қазақ халқы ежелден бала тәрбиесіне мән берген. Жас буынды батырлық пен ептілікке бейімдеген. Ал ол үшін қарапайым ұлттық ойындарды кәдеге жаратқан. Себебі ойын баланың өмірге қадам басардағы алғашқы адымы саналады. Сол ойынды баба жолын ұстанып, сабақта қолдану оқушының ой-өрісін жетілдіріп, өз халқының қанша ғасырдан көш тартқан мұраларын бойына сіңіріп, өзінен кейінгі ұрпаққа жеткізу құралы болмақ.
Ұлттық ойындарды мектепалды даярлық кезеңінде пайдаланудың заманымызға сай ұрпақ тәрбиелеуде пайдасы орасан зор. Өйткені сол арқылы жас буынның мықты болып өсуіне ықпал етіп, ортасымен еркін тіл табысып, олардың ынтымағын жарастырып отыруға мүмкіндік бар. Бұл қоршаған ортаға бейімделуге алғышарт. «Асық», «Санамақ», «Бес тас», «Айгөлек», «Қуырмаш», «Алақан соқпақ», «Көксерек», «Тартыс» пен «Күрес» және тағы басқа ойындар жас ұрпақты тез ойлауға, тапқырлыққа баулиды. Сонымен қатар ұстаз айтқан жаңа тақырыптарды жылдам меңгеріп алуға ықпал етіп, жан-жағымен ашыла сөйлесуге әрі ширақ қимылдауға дағдыландырады.
Қазақ қай нәрсенің де пайдасын біліп барып жасаған. Ойын кішкентайлардың көңілін көтеріп, бойын сергітумен шектелмейді. Баланың өмірдегі әртүрлі құбылыс туралы таным-түсінігіне де әсер етеді. Олар ойынның арқасында өзара тіл табысып, өз қатарларынан ептілікті үйренеді. Қимыл-қозғалыстың арқасында денсаулықтарын нығайта түседі. Қазақ халқы әлдеқашан ойынның әрқайсысын бала көзқарасы мен мінез-құлқының қалыптасу құралына айналдырған. Электронды заманның ықпалы күшейіп, адам қимылының азайған шағында бала денсаулығын нығайтудың негізгі амалы осы ұлттық ойындар болып тұр.
Кішкентайларға халқымыздың тарихын, мәдениетін, дәстүрін таныстыруда ұлттық ойындардың әсері мол. Олар тек ойнап қана қоймай, ойын барысында ойланады, есептейді, белгілі бір детальдерді аңғарып, әртүрлі нәрсені білуге, зерделуге талпына түседі. Демек жаңа ғасыр ағымына еруге бір қадам болса да ілгерілейді. Қарапайым ғана мысал қуырмаш ойыны бар ғой. Сол ойынның өзін бүлдіршіндердің саусақ қимылын дамытып, тіл байлығын жетілдіруге әрі көңілін көтеруге қолдануға болады. Балаларға ұлттық ойындарды ойната отырып, жан-жақты тәрбиелей аламыз. Бұл әдістің мектепалды даярлық кезеңінде әсері мол екенін айта кеткен жөн.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, қазақтың көнеден көш тартқан әдеп-ғұрпын, салт-дәстүрін, кейінгі жас буынның бойына сіңіру, баланы адамдыққа, елі мен жерін және тілін сүюге, отаншылдыққа, еңбектенуге тәрбиелеудің құралы ойын екенін ұмытпайық. Ол үшін ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, ұмытылмай келе жатқан ұлттық ойындарды бала жасына лайықтыларын таңдап пайдалансақ жеткілікті.
Айнұр БІТІМБАЙҚЫЗЫ,
Қазалы ауданы бойынша білім бөлімінің
№258 негізгі мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
мектепалды сыныбының тәрбиешісі
12 желтоқсан 2023 ж. 274 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930