Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тәрбиенің бастауы – балабақша

Тәрбиенің бастауы – балабақша

Тәуелсіз Қазақстанның әрбір баласы – ертеңгі еліміздің жарқын болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтайтын, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай жасайтын алғашқы орта балабақша. Ол өмірге енді ғана бейімделіп келе жатқан әр баланың екінші үйі десек жарасады.
Қаншама ерік-жігермен, күшпен келген тәуелсіз еліміздің кеңге қанат жаюы, дамыған елдердің арасынан өз орнын табуы, гүлденуі мен өркендеуі болашақ өскелең ұрпақтың қолында. Осы күннің айдарындағы айтулы мәселе – бала тәрбиесі. Бала тәрбиесі тәрбие жұмыстарында ғана емес, тәлім, таным үрдістерінде жүзеге асады. Тәрбие мен білім өмір жолындағы ешқашан үзілмейтін процесс. Егемен еліміздің ертеңіне кішкене болса да, үлесімізді қосқымыз келсе, балабақшадан бастау алып, бала бойына танымдық қабілет дарыту біздің басты міндетіміз.
Адам бойындағы тамаша қасиеттер балалық шақта қалыптасады. «Ұрпағым өнегелі, жақсы азамат болып өсіп жетілсін десек, ең алдымен бесігіңді түзе» деген қазақтың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтың сөзі тегін емес. Тәрбиенің әліппесі баланың белі бесіктен шықпай жатып ана сүтімен сіңіріліп, ұлттық өнегенің ең асыл, ең нәрлі қасиеттері сол сәби үлгі етілуі керек. Балабақшада берілген тәрбие – барлық тәрбиенің бастамасы әрі жан-жақты тәрбиемен дамыту ісінің түпкі негізін қалайтын орын.
Балабақша – білім мен ортаға бейімделудің тірегі, бастамасы десек, ал тәрбиеші – сол балабақшаның жүрегі, яғни біздің қолымызда баланың тағдыры тұрады. Біздің мамандығымыздың қыры да, сыры да сол – күн сайын көз алдымызда өсіп, дамып келе жатқан жас ұрпақпен жұмыс істеу. Өмірге келген әрбір нәресте отбасында ата-анасынан бастап барлық туған туыстардың махаббаты мен жылулық шапағатына бөленіп өседі. Әр отбасында тәлім – тәрбие алып 2 жасқа толғанда ата-аналар жүректерінің бір бөлшегін сеніп толықтай бір күнге балабақша әкеліп тапсырады. Сол орайда ананың орнына ана бола білетін – балабақша тәрбиешісі. Балабақша баланың өмірге аттаған алғашқы қадамы. Басқан алғашқы қадамынан баланың болашағы қаланады. Мұнда аса сабырлықты, шыдамдылықты, жылулықты қажет ететін үлкен кәсіп иелері жұмыс атқарады.
Бақшадағы оқу қызметері бес дағды бойынша іске асады. Тілін дамытып, ортаға биімдеп қарым-қатынасқа икемдейді, Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру арқылы оң мен солын, ұзын-қысқа, үлкен-кішісін ажыратуға, жапсыру, мүсіндеу, сурет салу арқылы шығармашылығын дамып, түрлі ойындар арқылы әлеуметтік ортаға бейімдейді. Қоршаған ортада табиғат құбылыстарымен жақынырақ танысады. Өздері түрлі рөлдерді сомдай отырып, салмақтауды үйренеді. Сонымен бірге шынығып, салауатты өмір салтын ұстау бүгінгі күннің басты мақсаты. Тәрбиеші балаларға білім беру үшін баланың іс-әрекеті ойын арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттырып, көздеген мақсатқа жеткізуші.
XXI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технологиялық бағытты дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» деп дана халқымыз бекерден бекер айтпаса керек. Қазіргі таңда адамзатқа ғылыми жаңалықтар мен инновациялық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеу мен оқыту саласын заман талабына сай дамыту болып отыр. Балабақшада дұрыс тәлім-тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барып саналы түрде сапалы білім алуға тырысады. Соның нәтижесінде елін сүйген азамат болып шығады.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан алдымызға келген әр бір бүлдіршінді ұлтжандылыққа тәрбиелейік.

Лаура СЕЙТОВА,
«Рауан» инклюзивті балабақша әдіскері
18 наурыз 2023 ж. 778 0

Бүгінгі валюта бағамы қандай

05 желтоқсан 2024 ж. 28

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031