Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Жолдауы аясындағы мақсат-міндеттер талқыланды

Президент Жолдауы аясындағы мақсат-міндеттер талқыланды

Қазалы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айқындалған басымдықтарды түсіндіру мен насихаттауға және оны жүзеге асыруға арналған актив жиыны өтті.
Басқосуға аудан әкімінің міндетін атқарушы Жалғас Сүйеубаев, аудандық мәслихат төрағасы Ғазиз Әліш, аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қасқырбай Әлімбай, құқық қорғау органдарының басшылары, аудан әкімінің орынбасарлары, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, дербес бөлім, мекеме-кәсіпорын басшылары, кент, қала және ауылдық округ әкімдері, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты.
Жиынды ашқан Жалғас Оңғарұлы биылғы Жолдауда айқындалған инвестиция тарту, өңдеу өнеркәсібін, ауыл шаруашылығын, көлік-логистикасын дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту, бизнесті қолдау, экономиканы жан-жақты жаңғырту арқылы адам капиталын дамыту сынды 7 бағыттың әрқайсысына жіті тоқталып, аудан бойынша атқарылып жатқан жұмыстармен сабақтастырып өтті. Маңызды құжаттағы басым бағыттар аясында іске асатын жұмыстарды нақтылап, жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.Осыдан кейін Жолдауды талқылау үшін мінберге көтерілген Ақсақалдар кеңесінің төрағасы, ауылшаруашылығы саласының ардагері Қасқырбай Әлімбай агроөнеркәсіп саласын дамыту, ауылшаруашылық саласын цифрландыру, өнімдерді терең өңдеу, егін шаруашылығында су үнемдеу технологияларын пайдалану, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Қасқырбек Мәмбетжанов адам капиталын дамыту, ұлттық дәстүрлерімізді дәріптеу, рухани қолдап, бағыт-бағдар беру, қаржы саласының ардагері Кемалбай Көпжасаров шағын және орта кәсіпкерлік саласын жүйелі түрде жетілдіріп, экономиканы дамыту және тұрмыс сапасын жақсарту бағытында, медицина саласының үздігі, жоғары санатты дәрігер Бахытгүл Әлішева елімізде дәрігердің мәртебесін көтеріп, әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында, ал, жасанды интеллект технологияларын білім беру ұйымдарына енгізу бағытындағы жұмыстар мен міндеттер туралы Е. Бозғұлов атындағы №249 мектеп-лицейдің педагог-ұйымдастырушысы, информатика пәнінің мұғалімі Мейірман Меңдібаев өз ой-пікірлерін ортаға салып, Жолдауға қолдау білдірді.
Мәжілісті қорытындылаған Жалғас Оңғарұлы жиынға қатысушыларды аудан экономикасының қарқынды дамуы мен халқымыздың әл-ауқатын арттыру жолында аянбай еңбек етуге шақырып, Жолдаудан туындайтын міндеттерді аудан көлемінде сапалы жүзеге асыру қажеттігін атап өтті.
18 қыркүйек 2025 ж. 42 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930