Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Грузия Қазақстан алдындағы қарызын толық өтеді

Грузия Қазақстан алдындағы қарызын толық өтеді

Фото: Pixabay
Грузия 2004 жылғы шілдеде Париж клубы аясында жасалған сыртқы қарызды қайта құрылымдау туралы келісімдер бойынша несие беруші елдер алдындағы барлық міндеттемелерін толық өтеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі Commersant басылымына сілтеме жасап.

Париж клубы — бұл дамушы елдердің қарызын қайта құрылымдаумен айналысатын бейресми мемлекеттер тобы. Ол 1956 жылы құрылған және мүше елдердің келісімімен жұмыс істейді.

Басылымның дерегінше, Грузияның жалпы қарызы 225 миллион доллардан асқан, оның ішінде 28 миллион доллары Қазақстанға тиесілі болған. Бұл сомаға 1999 жылға дейінгі мерзімі өткен несиелер, 1999–2004 жылдар аралығындағы қарыз бойынша пайыздар, сондай-ақ 2004–2006 жылдарға жоспарланған төлемдер кірген.
Қазақстан алдындағы соңғы төлем 636 мың долларды құрап, 2025 жылдың қыркүйегінде жүзеге асырылды. Қарызды өтеу процесі 2011 жылы басталып, биыл толығымен аяқталды.
Қазақстаннан бөлек, Грузия 2004 жылы мынадай негізгі несие беруші елдер алдындағы қарызын қайта құрылымдаған болатын:
Ресей – 153 млн доллар
Түркия – 53,4 млн доллар
Армения – 19,6 млн доллар
Әзербайжан – 16,2 млн доллар
Иран – 12,8 млн доллар
2025 жылдың қыркүйегіне қарай бұл елдерге де Грузия барлық берешегін толық қайтарды.

Қарызды өтеу Грузияға қаржылық қысымды айтарлықтай азайтып, мерзімі өткен несиелерді бір жүйеге келтіруге және олардың төлемін кейінге шегеруге мүмкіндік берді.

Грузия Қаржы министрлігі қарызды өтеудің аяқталуы елдің қаржылық тұрақтылығын нығайту, халықаралық серіктестердің сенімін арттыру және экономикалық өсімге жағдай жасау тұрғысынан маңызды қадам екенін атап өтті.

18 қыркүйек 2025 ж. 134 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930