Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Атқарылар шаруа ауқымды

Атқарылар шаруа ауқымды

Соңғы жылдары Қазалы ауданында халықтың әл-ауқаты жақсарып, маңызды мәселелер оң шешімін тауып келеді.
Соның ішінде жол мәселесі де тұрақты назарда болып, әр жылы кент орталығында және елді мекендерде көшелер асфальттануда. Мәселен, аудан орталығындағы бірқатар жолдың жаңа кейіпке енгенін аңғаруға болады.
Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентіндегі 600 орындық Мәдениет үйіне барып, нысанның жылу қазандығымен танысқан болатын. Жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлап отырған ғимаратты толық бақылауда ұстап отырған аудан әкімі тез арада ел игілігіне беру қажеттігін ескертті. Оған дайындық жұмыстарын күшейтуді керек екенін де тапсырды.
Бүгінде 5-ші кварталдағы 1,2 шақырымды құрайтын Қазыбек би көшесі асфальтталып жатыр. Құрылысқа жауапты мердігер мекеме – «Қыран» ЖШС. Серіктестік қызметкерлерлерімен кездескен аудан басшысы бірінші кезекте сапасына басымдық беруді тапсырды. Сонымен қатар, жол құрылысын тез арада аяқтауды жүктеді. Айта кеткен жөг, биыл Әйтеке би кентінің 15 көшесі асфальтталып, 24 көшеге қиыршық тас төселген болатын.
 «Жол қадірін жүрген білер» демекші, бұдан біраз жыл бұрын аудан халқы жолдың жайына көңілі толмай билікке базыналарын айтатын. Ал қазір ондай әңгімелердің ауылы алыстап жатқандай. Өйткені, әр жылы ауданда бірнеше көшеге асфальт төселіп, тұрғындар өз алғыстарын айтып келеді. Жалпы айтқанда, жыл өткен сайын Қазалы қаласы мен Әйтеке би кентінің, ауылдардың ішкі жолдары жөнделіп, жарықшамдар орнатылып, ел іші абаттандырыла бермек. Ең бастысы, бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Айнұр ӘЛИ
02 желтоқсан 2023 ж. 228 0

Қысқы универсиада

19 қаңтар 2025 ж. 52

TikTok бұғатталды

19 қаңтар 2025 ж. 47

Қара шаңның қасіреті

17 қаңтар 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031