Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Құдағилар” қойылымы сахналанды

“Құдағилар” қойылымы сахналанды

Қазалы ауданында белгілі драматург Сұлтанәлі Балғабаевтың бір актілі, төрт көріністен тұратын «Құдағилар» комедиялық қойылымы жергілікті тұрғындар мен өнерсүйер қауым назарына ұсынылды. Қазалы қалалық мәдениет үйі жанынан құрылған халық театрының өнерпаздары дайындаған мазмұнды шараны аудан әкімі Алмасбек Есмаханов та тамашалады.
Сахналық туындыда қазақтың бай салт-дәстүрі, ұлттық тәрбие мен отбасылық құндылықтар, сондай-ақ құда-жекжаттар арасындағы шынайы қарым-қатынастар әзіл әрі өмірлік сабақтастық арқылы шебер суреттелді. Оқиғалар желісіндегі қызықты сәттер көрерменді бірде күлкіге бөлесе, бірде отбасылық сыйластық, адамгершілік пен үлкенді сыйлау сияқты асыл қасиеттер жайында терең ойға жетеледі.
Комедияның басты мақсаты – қоғамда ұлттық құндылықтарды дәріптеу, отбасы институтының маңызын кеңінен насихаттау және халыққа театр өнері арқылы мазмұнды мәдени демалыс сыйлау. Режиссер Бақыткелді Надиров бастаған шығармашылық ұжымның ерен еңбегі көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, зор қошеметке ие болды.
Қойылым соңында аудан басшысы өнерпаздарға алғысын білдіріп, ұлттық дәстүрлер мен тәрбиелік мәні жоғары рухани кештердің маңыздылығына тоқталды. Айта кеткен жөн, бұған дейін аталған халық театры «Мұғалім» әлеуметтік драмасын сахналап, қазалылықтардың ыстық ықыласы мен жоғары бағасына ие болған.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
26 қыркүйек 2026 ж. 18 0

Берекелі бастама

26 қыркүйек 2026 ж. 21

Сөз бен саздың сардары

26 қыркүйек 2026 ж. 22

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930