2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қазасына қатысты мән-жайды тергеп жатыр

Комиссия Каспий теңізіндегі 12 әскери қызметшінің қазасына қатысты мән-жайды тергеп жатыр


t.me/mangystau_press
Қазақстан Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев 24 қыркүйек күні кешке Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде Каспий теңізінде 12 әскери қызметшінің қаза болу фактісі бойынша құрылған үкіметтік комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділовтің баяндауынша, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 453-бабының 2-бөлігі ("Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметке салғырт қарау") және 465-бабы ("Кеме жүргізу қағидаларын бұзу") бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу аясында ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылып, бірқатар тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Жұмысқа тиісті мамандар тартылып, қажетті сот сараптамалары тағайындалды.
Бозымбаев болған оқиғаның барлық мән-жайын қысқа мерзімде толық көлемде анықтауды және осы оқиғаға жауапты тұлғаларға қатысты шаралар қабылдауды тапсырды.
Отырыста қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына ерекше көңіл бөлінді. Премьер-министрдің орынбасары мемлекет оларға қажетті әлеуметтік және материалдық қолдау көрсететінін атап өтті.
"Заңда көзделген материалдық көмектен бөлек, көмек көрсеткісі келетін азаматтардан көптеген өтініш түсіп жатыр. Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларына материалдық көмек көрсететіндерін мәлімдеді. Олардың біреуі қаза болған әр әскери қызметшінің отбасына 25 млн теңгеден бөлді. Сондай-ақ бірқатар ірі бизнес өкілдері де материалдық көмек көрсетуге ниет білдірді", - деді Бозымбаев.
Бозымбаев Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Маңғыстау облысының әкімдігімен бірлесіп, қаза тапқандардың отбасыларына жіберілетін барлық қаражаттың бөлінуін бақылауды және ашықтығын қамтамасыз етуді тапсырып, көмек атаулы әрі толық көлемде көрсетілуі тиіс екенін атап өтті.
Денсаулық сақтау вице-министрі Манас Рамазановтың айтуынша, оқиғадан кейін медициналық мекемеге жеткізілген әскери қызметшінің жағдайы тұрақты. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
Отырысқа Ішкі істер, Төтенше жағдайлар, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Денсаулық сақтау, Көлік министрлерінің орынбасарлары, ҚР ҰҚК Шекра қызметі директорының орынбасары, Бас әскери прокурор және Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай қатысып, баяндама жасады.

25 қыркүйек 2026 ж. 27 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930