Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол жөнделуде

Жол жөнделуде

Аудан әкімі Мұхтар Оразбаев Әйтеке би кентіндегі 600 орындық Мәдениет үйіне барып, нысанның жылу қазандығымен танысты.
Жыл аяғына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарлап отырған ғимаратты толық бақылауда ұстап отырған аудан басшысы тез арада ел игілігіне беру қажеттігін ескертіп, дайындық жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Қазіргі таңда 5-ші кварталдағы 1,2 шақырымды құрайтын Қазыбек би көшесі асфальтталып жатыр. Құрылысқа жауапты мердігер мекеме – «Қыран» ЖШС қызметкерлерімен кездескен аудан басшысы бірінші кезекте сапасына басымдық беруді тапсырды. Сондай-ақ, жол құрылысын тез арада аяқтауды жүктеді.
Айта кетейік, биыл Әйтеке би кентінің 15 көшесі асфальтталып, 24-не қиыршық тас төселді.
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
01 желтоқсан 2023 ж. 361 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31