2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Каспийдегі іздестіру операциясына 250-ден астам адам жұмылдырылды

Каспийдегі іздестіру операциясына 250-ден астам адам жұмылдырылды

Каспийдегі іздеу жұмыстарына 37 сүңгуір жұмылдырылды.  
Фото: 
ҚР Қорғаныс министрлігі телеграм
Каспий теңізінің акваториясында әскери қызметшілерді іздеу бойынша тәулік бойы іздестіру-құтқару операциясы жалғасып жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Үкіметтік комиссияның тапсырмасымен жүргізіліп жатқан жұмыстарға 252 әскери қызметші мен қызметкер, 34 арнайы техника, 37 әскери сүңгуір, 14 кеме мен катер және 20-дан астам әуе кемесі, оның ішінде төрт тікұшақ тартылған.
Жедел штаб құрамына Қорғаныс министрлігі, ҰҚК Шекара қызметі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ішкі істер министрлігі және Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының өкілдері кірді. Іздестіру жұмыстарына оқиға орнында тікелей басшылықты Қорғаныс министрі, авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жүргізіп жатыр.
Қазір су айдыны, жағалау және оған іргелес аумақтар әуеден үздіксіз бақыланып, тексерілуде. Сонымен қатар теңіздегі іздестіру жұмыстарына кемелер мен сүңгуірлер тартылған.
Еске салайық, оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райы күрт нашарлап, желдің екпіні күшеюіне байланысты 17 әскери қызметші ашық теңізге кеткен. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде үш әскери қызметші құтқарылды. Екі әскери қызметшіні іздеу жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Өкінішке қарай, 12 әскери қызметші қаза тапты.
Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Арнайы комиссия оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтау үшін тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қаза болғандардың отбасылары мен зардап шеккен әскери қызметшілерге қажетті материалдық және психологиялық көмек көрсетіледі. 
25 қыркүйек 2026 ж. 26 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930