Мұхтар Оразбаев: Тапсырма орындалуымен құнды
Қазалы ауданының әкімі Мұхтар Оразбаев ауданда атқарылып жатқан бірқатар құрылыс жұмыстарының басына барып, жай-күйімен танысып қайтты.
Аудан басшысы ең бірінші Әйтеке би кентіндегі асфальтталып жатқан О.Жанәділов көшесінің жол құрылысын көрді.
Мердігер мекеме – «Нұрас и К» ЖШС қызметкерлеріне жұмыстың жүйелі жүруін қатаң тапсырған аудан әкімі сапасына аса мән беріп, уақытын жеделдетуді жүктеді.
Мұнан соң Мұхтар Әуесұлы Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласының аралығындағы аудандық маңыздағы автомобиль жолын назарға алды.
Қазіргі күні төртжолақты жолдың құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Барлығын күнделікті қатаң бақылауда ұстап отырған аудан басшысы «Стандарт Ойл КЗО» ЖШС қызметкерлеріне жұмыс қарқынын күшейтуді жүктеді.
Бүгінде аталған екі жолдан бөлек, Қазалы қаласындағы Е.Бөлекбаев көшесі де асфальтталып жатыр.
Тұрғындардың жылтыр жолда жүйткуі үшін еңбек етіп жатқан мердігер мекеме - “Қыран” ЖШС мамандары. Мұхтар Әуесұлы мұнда да сапаға мән бере отырып, тез арада ел игілігіне беруді айтты.
Аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың бүгінгі құрылыс жұмыстарымен танысу сапары Абай ауылынан қорытындыланды.
Мұнда барудағы басты себеп - екі аралықтағы қалқымалы көпірдің жайынан хабар алу. Қазір мұнда қалқымалы көпір қоятын айлақ дайындалып жатыр. Өйткені, алда қыс, көктем мезгілдері келе жатыр. Сондықтан сең жүру үдерісіне дайындық жұмыстарын осы бастан қолға алған жөн.
Аудан басшысы барлық жұмыстарға асқан жауапкершілікпен қарау керектігін ескертті. Өйткені, әрбір тапсырма орындалуымен құнды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат