2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Маңғыстаудағы қайғылы оқиғадан кейін Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды тұлғалары ұсталды

Маңғыстаудағы қайғылы оқиғадан кейін Қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды тұлғалары ұсталды

Фото: freepik
Қызметке салғырт қарау және ауыр зардаптарға әкеп соққан кеме жүргізу қағидаларын бұзу деректеріне қатысты қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен Қазақстан Қарулы күштерінің жоғары және аға командалық құрамындағы жауапты лауазымды тұлғалар ұсталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы бүгін, 2026 жылғы 25 қыркүйекте, Қазақстан Ішкі істер министрлігінің (ІІМ) баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство мәліметінше, ұсталғандардың қатарында:
ҚР Қарулы күштері Әскери-теңіз күштері бас қолбасшысының бірінші орынбасары – штаб бастығы;
екі әскери бөлімнің командирі;
теңіз жаяу әскерлері ротасының командирі мен катер командирі бар.
"Олардың барлығы күдікті деп танылып, Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды".
ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қосымша хабарламада "Хазар Қорғаны – 2026" оқу-жаттығуы кезінде әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты ІІМ-нің әскери-тергеу бөлімшесі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатқаны айтылған.

2026 жылғы 24 қыркүйек, бейсенбі күні Ақтаудан 43 шақырым жердегі Каспий теңізінің жағалауында өткен оқу-жаттығу барысында, қолайсыз ауа райында жеке құрам "Қайсар" катерінен түсіп жатқан кезде, әскери қызметшілерді теңізге ағызып әкеткен.

"Тергеу аясында оқу-жауынгерлік тапсырманы ұйымдастыру және орындау кезінде шешімдердің қалай қабылданғаны, қауіпсіздік талаптарының сақталуы, гидрометеорологиялық жағдайдың ескерілуі, катердің техникалық жай-күйі, сондай-ақ оқу-жаттығуды өткізуге және жеке құрамның қауіпсіздігіне жауапты лауазымды тұлғалардың әрекеттері зерделеніп жатыр".
ҚР ІІМ баспасөз қызметі
Қазір қажетті тергеу және процестік іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

"Барлық күдіктінің әрекетіне заңда белгіленген тәртіппен құқықтық баға беріледі. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы ҚР Ішкі істер министрлігі мен Бас прокуратурасының ерекше бақылауында".
ҚР ІІМ баспасөз қызметі


25 қыркүйек 2026 ж. 23 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930