2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Өзбекстандағы ақау қазақстандықтарды жарықсыз қалдырды

Өзбекстандағы ақау қазақстандықтарды жарықсыз қалдырды

Фото:depositphotos.com
25 қыркүйек таңертең Өзбекстанның энергия жүйесіндегі ақау салдарынан қазақстандықтардың бір бөлігі жарықсыз қалды. Қазақстанда көрші елдегі бұзылудың республиканың энергия жүйесіне неге әсер еткені түсіндірілді, деп хабарлайды Tengrinews.kz KEGOC баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Компанияның мәліметінше, сағат 05:02 шамасында Өзбекстанның энергия жүйесінде қуаты 1516 мегаватт болатын генерацияның ажырауына байланысты Орталық Азияның энергия жүйесі тарапынан қуаттың күрт ауысуы болған.
Нәтижесінде "Солтүстік – Оңтүстік" транзиті бөлініп, Қазақстандағы тұтынушыларды шектеу көлемі 962 мегаватты құрады. Бұл ретте апатқа қарсы автоматика штаттық режимде жұмыс істеген.
"Сағат 05:43-те Қазақстан Біртұтас электр энергетикалық жүйесінің (БЭЖ) Оңтүстік аймағы мен Орталық Азия Біріккен энергия жүйесінің Қазақстан БЭЖ-мен параллель жұмысы қалпына келтірілді, тұтынушыларға қойылған шектеулерді алу туралы пәрмен берілді", - деп хабарлады KEGOC.

Бір елдегі ақау басқаларына неге әсер етеді?

Орталық Азия елдерінің энергия жүйелері бірыңғай синхронды режимде жұмыс істейді, сондықтан бір елдегі елеулі бұзылулар көршілес энергия жүйелеріне әсер етуі мүмкін.
Бұған дейін Tengrinews.kz Алматыда және Қазақстанның басқа аймақтарында жарықтың жаппай сөнуі туралы жазған болатын. Ол кезде Қырғызстандағы Тоқтоғұл ГЭС-інде екі гидрогенератор ажыратылғаннан кейін Орталық Азия энергия жүйесінің жұмысы бұзылған еді. Сарапшылар аймақ елдері энергия жүйелерінің тығыз байланысы салдарынан ірі ақаулар бір елдің шекарасынан шығып, басқаларға таралуы мүмкін екенін түсіндірген болатын.

25 қыркүйек 2026 ж. 25 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930