Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жол қауіпсіздігіне назар аударылды

Жол қауіпсіздігіне назар аударылды

Облыс әкімі Мұрат Ергешбаевтың төрағалығымен өткен кеңейтілген мәжілісте өңірдегі жол және жаяу жүргіншілер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды. Маңызды жиынға Қазалы ауданының әкімі Алмасбек Есмаханов селекторлық режим арқылы қатысып, өңірде көтерілген өзекті мәселелерді жүзеге асыру бағытында жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.
Мәжілістің басты тақырыбы – аудан аумағындағы автомобиль жолдары мен көшелердің жай-күйі, жол белгілерінің сапасы, жаяу жүргіншілер өткелдері, жасанды жол кедергілері және оқу орындары маңындағы қауіпсіздік шаралары болды. Әсіресе Әйтеке би кенті мен Қазалы қаласы арасындағы төрт жолақты автомобиль жолындағы қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар жол-көлік оқиғаларының алдын алу, қараусыз жүрген малдарды бақылауды күшейту, оқушыларды тасымалдайтын автобустардың техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру және мектептер маңында полиция қызметкерлерінің кезекшілігін ұйымдастыру маңызды міндеттер ретінде белгіленді.
Аудан әкімі жол қауіпсіздігіне қатысты жұмыстарды формалды түрде емес, тек нақты нәтижеге бағыттап жүргізу қажеттілігіне тоқталды. Сондай-ақ елді мекендердегі жол белгілерін жаңарту, авариялық қауіпті учаскелерге бақылауды күшейту және тұрғындар арасында жол қозғалысы ережелерін түсіндіру жұмыстарын белсендіруді тапсырды.
Бұдан бөлек ауданның осы жыл­дың қаңтар-тамыз айларындағы макроэкономикалық көрсеткіштері мен бюджеттің орындалу барысы сараланды. Негізгі экономикалық бағыттар бойынша оң динамика сақталғаны байқалды.
Атап айтқанда, есепті кезеңде өнеркәсіп өнімінің көлемі – 126,6, өңдеу өнеркәсібі – 129,5, ауыл шаруашылығының жалпы өнімі – 103,4, бөлшек сауда айналымы – 101,0, құрылыс жұмыстарының көлемі – 111,0 және пайдалануға берілген тұрғын үйлер көлемі – 101,6 пайызды құрап орындалды. Осыған орай аудан әкімі қол жеткен даму қарқынын бәсеңдетпей, жыл соңына дейін жоспарлы көрсеткіштердің толық орындалуын қатаң қамтамасыз етуді міндеттеді.
Жиын соңында «Таза Қазақстан» акциясы аясында атқарылып жатқан санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының барысы қаралды. Елді мекендерде анықталған кемшіліктерді қысқа мерзімде жою және атқарылған жұмыстар бойынша нақты фотоесеп ұсыну тапсырылды. Аудан әкімі жауап­ты сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне жүктелген барлық міндеттердің сапалы әрі уақтылы орындалуын қатаң бақылауда ұстауды ескертті.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат

26 қыркүйек 2026 ж. 18 0

Берекелі бастама

26 қыркүйек 2026 ж. 22

Сөз бен саздың сардары

26 қыркүйек 2026 ж. 23

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930