Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Фойе-музей ашылды

Фойе-музей ашылды

15 қараша - Ұлттық валюта және қарсы саласы қызметкерлері күні. Соған сәйкес бүгін ауданда бірқатар ауқымды шаралар бастау алды. Соның алғашқысы - “Қаржы - халық қазынасы” атты фойе-музейдің ашылуы.
Қазақстанның ұлттық валютасы теңгенің 30 жылдығы құрметіне ашылған фойе-музей Қазалы ауданы әкімдігінің екінші қабатынан орын алды.
Аудандағы қаржы саласының тарихынан сыр шертетін, кешегісі мен бүгінін баяндайтын музейдің салтанатты шарасына арнайы құрметті қонақтар, қаржы саласының ардагерлері мен үздіктері, ардагерлер және сала мамандары арнайы шақырылды.
Басқосуда алғы сөзді алған аудан әкімі Мұхтар Оразбаев жиналғандарды тәуелсіз еліміздің темірқазығына айналған ұлттық валюта теңгенің қаржы нарығына айналымға енгеніне - 30 жыл толуымен және қаржыгерлер күнімен құттықтады.
Сол секілді мерекеге орай арнайы келген Қызылорда облысының құрметті азаматы, қаржы саласының ардагері Қалқазбек Әжібеков және қаржы, салық саласының ардагері Дайрабай Ысқақұлы, қаржы саласының ардагері Талайлы Бөріқұлақов өздерінің жылы лебіздерін жеткізді.
Мұнан соң аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов бата беріп, жаңа фойе-музейдің лентасы қиылды. Артынша қонақтар музейдің естеліктерімен танысты.

Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
16 қараша 2023 ж. 264 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 110

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 167

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031