Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлттық валюта күні құтты болсын

Ұлттық валюта күні құтты болсын

Елімізде 15 қараша Ұлттық валюта күні. Мерекеде  аудан әкімі барша қаржы саласының мамандарын құттықтаған еді, деп хабарлайды qazaly.kz
Құрметті қаржы саласының қызметкерлері!
Баршаңызды 15 қараша – Ұлттық валютамыздың қолданысқа енген күнімен орайлас келген қаржыгерлер күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Егемен елдің темірқазығына айналған ұлттық валютаның айналымға түсуі – қоғам өміріндегі аса маңызды оқиға болды.
Қаржы саласының қызметкерлері елдің әлемдік экономикаға ойдағыдай кіруі, халықаралық мәндегі серпінді жобаларды жүзеге асыру, инфляцияны тежеу және қаржылық нарықтың тұрақтылығын сақтау, экономикалық өсімді ынталандыру сынды міндеттерді табысты шешумен айналысып келеді.
Бүгінде мемлекет алдындағы экономикалық міндеттерді жүзеге асыруда қаржы секторының алар орны ерекше. Сондықтан болар, еліміздің экономикалық қуатын еселеп, тұрғындардың әлеуметтік жағдайын арттыру қаржы саласындағы жемісті еңбекпен тікелей байланысты.
Бүгінгі таңдағы ауданның жеткен жетістіктеріне қаржы саласы қызметкерлерінің қосқан үлесі зор. Сіздердің еселі еңбектеріңіз бен білім, біліктіліктеріңіздің арқасында біздің өңіріміздің экономикасы қарқынды дамып келе жатқан аудандардың қатарынан көрінуде.
Алдағы уақытта да осынау биік межеден көріне беретіндіктеріңізге сенімдімін. Сондай-ақ жұмыстарыңыздың келешекте де Қазақстан экономикасының қаржы әлеуетін дамытуға және күшейтуге бағытталуына тілектеспін .
Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтай отырып, зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еңбектеріңіз жемісті болып, қаржылық қызметте жаңа белестерге жете беріңіздер!
М.Оразбаев,
Қазалы ауданының әкімі
15 қараша 2022 ж. 910 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 28

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 29

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 31

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 32

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031