Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалылық қаржыгерлер 95 жылдығын тойлады

Қазалылық қаржыгерлер 95 жылдығын тойлады

Бүгін Роза Бағланова атындағы мәдениет орталығында ұлттық валюта – теңге күні және қаржы саласы қызметкерлері мерекесіне орай салтанатты шара өтті. Салтанатты шараға аудан әкімі Мұхтар Оразбаев, аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап және қаржы саласының қызметкерлері мен ардагерлері қатысты.
Мерекелік шарада құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Мұхтар Оразбаев биыл Қазалы ауданы қаржыгерлері үшін ерекше жыл екенін атап өтті.
«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында аудандық қаржы бөлімінің құрылғанына 95 жыл толып отыр. 1926 жылы өз жұмысын бастаған бөлімде көптеген азаматтар еңбек етті. Олар экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және әлеуметтік проблемаларды шешуге бағытталған жұмыстарды үздіксіз жүргізді. Нәтижесінде экономикада тұрақты өсім қалыптасып, ауданымыздың даму көрсеткіштері артты.
Қаржы саласы қызметкерлерінің жемісті еңбегінің маңызды көрсеткіштерінің бірі – бюджет кірістерінің тұрақты өсімін қамтамасыз ету. Мемлекеттік жүйенің маңызды бөлігін дамыту мақсатында аянбай еңбек етіп, Сіздер алға қойған жоспарларды іске асыруға атсалыстыңыздар. Бұл көз қуантарлық көрсеткіштер саланы дамыту бағытында қолға алынған жұмыстар мен қаржыгерлердің қажырлы еңбегінің нәтижесі. Ортақ табысқа сіздердің әрбіріңіздің елеулі үлестеріңіз бар екендігін айрықша атап өткім келеді», – деді Мұхтар Әуесұлы.
Сондай-ақ, Қазалы ауданының құрметті азаматы, қаржы саласының ардагері Талайлы Бөріқұлақов, аудандық мәслихат хатшысы Бақытжан Жарылқап та құттықтау сөз сөйлеп, ізгі тілектерін жеткізді.
Салтанатты шарада ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосып жүрген бір топ қаржы саласының қызметкерлері «Алғыс хатпен» марапатталып, құрмет көрсетілді.
Бұл күні ауданның экономикалық көрсеткіштерінің артуына талмай еңбек етіп, табыстың берекесін тасытқан ардагерлер де назардан тыс қалмай, сый-сияпатқа ие болды.
Қаржы саласы қызметкерлері мен сала ардагерлерінің құрметіне аудандық мәдениет орталығының өнерпаздары әннен шашу шашып, көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Бұл күні аудандық өлкетану мұражайынан «Қаржыгерлер бұрышы» ашылды. Қаржы саласына арналған музей экспозициясымен танысқан аудан әкімі Мұхтар Оразбаев құттықтау сөз сөйлеп, мұражай қорына мерекелік кітапты табыс етті.
16 қараша 2021 ж. 696 0

Қауіпсіздік – басты назарда

03 қыркүйек 2025 ж. 144

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 158

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 214

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930