Аманаттық депутат атқарған жұмыстары жөнінде есеп берді
Бүгін аудандық партия филиалының мәжіліс залында аудандық мәслихат депутаты, аудандық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының мүшесі Арғын Орымбаев БАҚ өкілдеріне депутаттық мандатын алған кезеңнен бастап атқарған жұмыстары жөнінде брифинг өткізді.
Өз кезегінде халық қалаулысы брифингтің негізгі мақсатына тоқталып, фракция мүшелерінң алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі сайлауалды бағдарламаның орындалу барысына тоқталды.
«Бес негізгі бағыттан тұратын аймақтық сайлауалды бағдарламада Қазалы ауданы бойынша нақты іс-шаралар жоспарланған. Бүгінде тармақтардың жүзеге асырылуына, қаржыландыру жұмыстарына облыстық, аудандық мәслихаттағы партиямыздың депутаттары тұрақты бақылау жүргізуде. Бақылаудың нәтижесінде бүгінде бірқатар маңызды жобалар жүзеге асуда. Атап айтқанда Абай, Бозкөл және ауданнан шалғай орналасқан Кәукей ауылында жаңа дәрігерлік амбулаторияның құрылыстары басталды. Партияның «Жер аманаты» партиялық жобасы аясында заңсыз берілген немесе пайдаланылмаған жерлер мен жайылымдық жерлерді мемлекет меншігіне қайтару, сондай-ақ, жергілікті маңызы бар жолдар күрделі және орташа жөндеуден өтіп, «Ауыл аманаты» жобасы аясында ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша және т.б. тармақтар бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде», – деп атап өтті Арғын Қайрбайұлы.
Мұнан соң мәслихат депутаты қоғамдық қабылдау жұмыстары барысында оң шешімін тапқан мәселелерге тоқталып, сондай-ақ үгіт-насихат кезеңінде жергілікті сайлаушылардан келіп түскен талап-тілектердің орындалуы жайында айтып берді.
Ал жиын соңында аймақтық «Тұран Қазалы» және аудандық «Қазалы» газетінен қатысқан БАҚ өкілдері бірқатар сауалдарын қойып, атқарылып жатқан жұмыстар бойыша оң пікірлерін білдірді.
Айта кетейік, алдағы уақытта фракция мүшелері ай сайын брифингке қатысып, атқарылған жұмыстар жөнінде баяндап, журналистердің сауалдарына жауап беретін болады.
#AMANAT