Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалы ауданында «Жер Аманаты» өңірлік комиссиясының отырысы өтті

Қазалы ауданында «Жер Аманаты» өңірлік комиссиясының отырысы өтті

Бүгін «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы «Жер аманаты» комиссиясының Қазалы ауданында көшпелі отырысы өтті. Басқосуда жобаның Арал және Қазалы аудандарында іске асырылу барысы туралы қаралды.
Жиынға облыстық партия филиалының Атқарушы хатшысы Ләйлә Төрешова төрағалық етті. Отырысқа Қазалы аудандық партия филиалының төрағасы Ғазиз Әліш, аудан әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков, аудан прокуроры Дарын Әбіш, Арал аудандық партия филиалының төрағасы Базарбай Төрахметов және өңірлік комиссия құрамының басқа да мүшелері мен партия филиалдарының Атқарушы хатшылары және екі ауданнан салалық бөлім басшылары қатысты.
Алдымен жиында көшпелі отырыстың негізгі мақсатына тоқталған Ләйлә Бегалықызы облыс бойынша комиссиямен атқарылған жұмыстарға қысқаша тоқталып өтті.
- Көшпелі комиссия отырысының мақсаты атқарылған жұмыстардың есебін тыңдап қана қоймай, жобаның іске асырылуы аясында сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша пікірлесіп, әрі қарай жұмысты тиімді ұйымдастырудың жолдарын талқылау. Айта кету керек, комиссияның жұмысының нәтижесінде бүгінде мемлекет меншігіне аймақ бойынша 332 315 гектар жер қайтарылды. Бұл жұмыстың ішінде, әрине Қазалы, Арал аудандарының айтарлықтай үлесі бар, - деді Атқарушы хатшы.
Мұнан соң Қазалы ауданы әкімінің орынбасары Күнтілес Назымбеков 2022 жылы аудан бойынша пайдаланылмайтын 16966,9 га болатын 27 жер және ағымдағы жылдың 9 айы бойынша нысаналы мақсатына сәйкес игерілмеген 31 691 га болатын 34 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайта алынғанын атап өтті.
Сондай-ақ, бұл бағыттағы жұмыстардың Арал ауданында іске асырылуы туралы Арал аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысының орынбасары Айбек Дәрібаев айтып берді. 2022 жылы Арал ауданы бойынша 79 603 мың гектар болатын 43 жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылса, ал ағымдағы жылы бұл шаралар өз жалғасын тауып 28 974 мың гектарды құрайтын, 16 жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылған.
Отырыс барысында екі аудан бойынша атқарылған жұмыстарды саралай келе қатысушылар мемлекет меншігіне қайтарылған жерлерді тұрғындарға ашық түрде қайта табыстау, жайылымдық жерлердің жетіспеушілігі, су тапшылығының жайы бойынша сұрақтарын қойып, әр облыстың, ауданның ерекшелігіне қарай заңдарға өзгерістер жасауға, жайылымдарды басқару мен пайдалану жоспарының іске асырылуына бақылау жүргізу бойынша ұсыныстарымен бөлісті.
#AMANAT
06 қазан 2023 ж. 300 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 33

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930