Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жастарға жанашыр жоба

Жастарға жанашыр жоба

Елімізде кәсіп бастап, өзінің бағытын тауып, табысты болғысы келетін жастарға қолдау көрсету күн тәртібінен түскен емес. Жастарды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға ынталандырып, оларға жағымды жағдай жасауда түрлі жобалар қолға алынып жатқанын білеміз. Солардың қатарында ел аумағында тиімділігін көрсеткен жастарға арналған «Zhas Project» жобасы барын айта кеткен жөн. Бұған дейін де жүзеге асырылған жарқын жоба биылдан бастап қайта қарқын алды. Тіпті жобаға қатысуға өтімдер қабылдау аяқталуға жақын.
2018 жылдан бастау алған пилоттық негізде жүзеге асырылған жоба аясында 250-ге жуық грант берілгенін жақсы білеміз. Биыл грант саны 280-ге артып отыр. Бұл дегеніміз – кәсіп ашып, нәсібін көрем деп ниеттенген жастарға арналған үлкен қолдау. Жастар осы үлкен мүмкіндікті қалт жібермей, пайдаланса грантқа қол жеткізе алады. Ал ол үшін не істеу керек? Бұл сауалға жергілікті жердегі Жастар ресурстық орталығына барып жауап алуға болады. Орталық мамандарының айтуынша, шағын грантқа өтінім беру жұмыстарын жүйелі ету мақсатында орталық жанынан штаб құрылған.Мұнда олар«Zhas Project» жобасына қатысуға өтінімдерді қабылдап қоймай, грант алуға ниетті жастарды кәсіпкерлік дағдыларды меңгеруіне тәлімгерлік қолдау көрсетіп, бағыт-бағдар беруде.
– Өздеріңізге белгілі, «Zhas Project» жобасы бұған дейін де ауданда жүзеге асырылды. Жастарға жанашыр жоба биыл өз жалғасын тауып жатыр. Осы орайда біз өз тарапымыздан аталмыш жобаның мақсаты мен мазмұнын жастарға жеткізу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізудеміз. Бүгінге дейін Сарыкөл, Арықбалық, Ақжона, Алға, Аранды, Бірлік, Өркендеу, Ғани Мұратбаев ауылдық округ жастарына жоба жайында түсіндірме жүргізілді, – дейді орталық кеңесшісі Азамат Алпамыс.
Өтінімді қабылдау 9-22 қазан аралығында жүзеге асырылатынын ескерсек, бүгінге дейін біршама жас грант алуға ниетті екендіктерін байқатқан. Дегенмен 1000000 теңге болатын грантқа кез келген жас қол жеткізе алмайтындығын да қаперден шығармау керек. Себебі бұл жұмыссыздар мен маргинал жастарға жасалып жатқан мүмкіндік.
– Жалпы бұл жоба туралы естігендер толыққанды мағлұмат алмаған соң, бұған бәрі қатысуға болады деп ойлап жүр. Бірақ бұл олай емес. Себебі аталған жобаға қатысуға тек 18-35 жас аралығындағы жұмыссыз ретінде тіркелген жеке тұлғалар өтініш бере алады. Тағы да ескере кететін бір жайт бар. Қатысушы тұрақты немесе уақытша тіркеуде болуы міндетті. Сондай-ақ өтінім беру кезінде уақытша жұмыссыз жастар мәртебесінде болуы тиіс. Егер азамат өтінім берген уақытта 35 жасқа толып кеткен болса, онда ол байқауға қатысу мүмкіндігінен айырылады, – дейді орталық инспекторы.
Жастар ресурстық орталығы ұсынған мәліметке сенсек, бүгінге дейін 15 ке жуық жас байқауға қатысуға өтініш беріп үлгерген. Олардың дені қызмет көрсету бағытын таңдап, сол бойынша біршама жобаларды ұсынған. Байқағанымыз, аталған бағыттың ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарды қолдауға басымдық беретін жобалар баршылық. Мысалы, ДЦП диагнозымен ауыратын балаларға арналған массаж кабинеті, ипотерапия, тіл мүкістігі бар балаларға қосымша білім беру, буын ауруын емдеуге арналған оңалту кабинеті, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың көңіл-күйін көтеруге арналған аниматор орталығы және тағы сол сияқты.
Жобаға қатысуға өтінімдер қабылдау аяқталуға таяу. Келіп түскен өтінімдерді іріктеу қазан айының 23-інен бастап 31-іне дейін жалғаспақ. Байқау қорытындысы 1 қараша күні жарияланады. Ал жеңімпаздар белгілі болған соң, 2 ай ішінде қол жеткізген грантты игеріп, жүзеге асыруға міндетті. Егер қаржы мақсатсыз жұмсалып, белгіленген мерзім ішінде жүйесіз жұмсалса, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, қаражатты қайта қайтару жұмыстары жүргізіледі.
Айта кетейік, грантқа қол жеткізген әлеуметтік жобаның жүзеге асырылуыжергілікті атқарушы органдар, атап айтқанда әкімдіктер мен Жастар ресурстық орталықтарының қадағалауында болмақ.
Арайлым ЖҮСІПОВА
21 қазан 2023 ж. 412 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930