Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ақпараттық керуен бастау алды

Ақпараттық керуен бастау алды

Жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Жастарға жаңа мүмкіндік» ақпараттық керуені аясында түсіндірме жұмыстары өтті.
Әйтеке би кенттік клубында ұйымдастырылған шараға аудандық жұмыспен қамту орталығының маманы Аян Алмағамбетов, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасының кеңесшісі Дана Нұрқаш, сондай-ақ жастар ресурстық орталығының кеңесшісі Азамат Алпамыс қатысты. Сала мамандары жастар практикасы, алғашқы бос жұмыс орындары, қоғамдық жұмыс, өтеусіз және қайтарымсыз грант, жастарға арналған 2,5% несие, сондай-ақ «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында берілетін 2,5% -тік несие жайлы тұрғындарға кеңінен ақпарат берді.
Түсіндірме жұмыстары барысында алғашқы жұмыс орны бойынша – 7, жастар практикасы арқылы – 17, қоғамдық негіздегі жұмысқа – 1 жас жұмысқа орналасуға ниет білдірді. Жастарға арналған 2,5 проценттік несие алуға 28 жас өтініш білдірсе, оның 21-і құжаттар тізімін алған. Ал қоныс аудару бағдарламасы бойынша Жезқазған және Абай облыстарына көшуге 3 жас отбасы қызығушылық танытып, қажетті сұрақтарға жауап алды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, ақпараттық керуен алдағы уақытта ауданға қарасты ауылдық округтерді түгелімен қамтымақ.
– Кездесу барысында мемлекеттік бағдарламалар насихатталып, мағлұмат беріледі. Жұмыс іздеп жүрген жастарға мамандығына сәйкес «Жастар практикасы», «Қоғамдық жұмыс» бағдарламалары арқылы жұмыс ұсынылады. Сондықтан жастар өздеріне беріліп жатқан мүмкіндікті құр жіберіп алмағаны жөн, – дейді орталық кеңесшісі Азамат Жандосұлы.
А. ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ

06 мамыр 2023 ж. 505 0

Қарекет те, қарқын да бар

13 желтоқсан 2025 ж. 155

Аудандағы нысандарды аралады

13 желтоқсан 2025 ж. 146

Майдакөлде мәдени ошақ ашылды

13 желтоқсан 2025 ж. 157

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031