Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Білімге сүйенген ел бәрінен озады

Білімге сүйенген ел бәрінен озады

Былтырғы жылы Қазалы ауданында апатты мектептер мәселесі толығымен шешілді. Биыл білім беру саласына 7,5 млрд теңгеден аса қаржы бөлініп отыр. Бұл аудан бюджетінің 54,7 пайызы. Өткен жылы 126 мұғалім, 12 мектеп директоры деңгейлік курстар бойынша біліктіліктерін арттырса, 2018 жылы білім мазмұнын жаңарту бағдарламасына сәйкес 700-ге жуық мұғалімнің біліктілігін арттыру жоспарланып отыр.
Биылғы оқу жылын Қазалы ауданы бойынша 14364 оқушы бастады. Оның 1700 алғаш мектеп табалдырығын аттаушылар. 2017-2018 оқу жылында 1-11 сынып аралығындағы 14 364 шәкіртке 2336 мұғалім сабақ береді, оның ішінде жоғарғы санаттысы –135, бірінші санаттысы – 641, екінші санаттысы – 916. Білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 1 сыныпты қабылдайтын 113 мұғалім және 5-7 сыныптарға сабақ беретін ұстаздар арнайы курстан өткен.
Өткен оқу жылын Қазалы ауданы жемісті аяқтады. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысында орташа 88,1 балды еншілеп, облысқа қарасты аудандардың көшін бастады. Тестілеуге қатысқан 458 түлектің 319 жоғары оқу орындарының грантын жеңіп алуының өзі зор мәртебе.
Білім алушыларды сапалы оқыту мен тәрбиелеуде мұғалім басты тұлға. Осы орайда, жаңа талаптарға сәйкес ұстаздардың да тәжірибелерін толықтырып, білімдерін жетілдірулері аса маңызды. Бұл ретте өткен оқу жылында 1,2,5,7 сыныптарға сабақ беретін мұғалімдердің 534, 19 мектеп директоры, 55 мектеп директорының орынбасары жаңартылған білім беру, критериалды бақылау бойынша арнайы курстан өтті. Инновациялық мектептердің информатика пәні мұғалімдері «Робототехника» бойынша курстан білім алды. Деңгейлік және тренерлік курстан өткен директорлар мен мұғалімдер де бар.
Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасының 79-қадамын іске асыру барысында ауданымызда білім беру ұйымдарында жоғары сыныптарда ағылшын тілінде оқытуға кезең-кезеңімен көшуге жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, мұғалімдердің қабілетін дамыту, ағылшын тілінде еркін сөйлеуге машықтандыру мақсатында Американың Алабама қаласынан келген, Алматыдағы IT университетінің лекторы, Speak English орталығының оқытушысы, ағылшын тілі пәнінің оқыту әдіскері Августин Нуака ауданымызда болып, «Ағылшын тілі бүгін: Ағылшын тілін оқытудағы қазіргі методологиялық талаптар» және «Current Trends in English Language Teaching» тақырыбында курстар өткізген.
2016 жылдан бастап «Snap English» орталығында жаратылыстану бағытындағы пәндерден сабақ беретін мұғалімдерді және ағылшын тілі пәнінің мұғалімдеріне ағылшын тілін тереңірек меңгерту кезең-кезеңімен жүргізілуде. Жоғары сыныптарда жаратылыстану бағытындағы пәндерді ағылшын тілде оқытуға инновациялық №249, №266, №16 мектеп-лицей мен №226 мектеп-гимназия кірісіп те кетті.
Аймақ басшысының қолдауымен соңғы жылдары мектеп бітірушілер Ресейдің және еліміздің жоғарғы оқу орындары мен колледждерінде оқып жатыр. Олардың арасында 14 қазалылық түлек Ресейдің жетекші техникалық жоғары оқу орындарында білім алуда. Сондай-ақ, облыс әкімі гранты негізінде аз қамтамасыз етілген отбасының 62 баласы еліміздің түрлі оқу орынында оқып жатыр. Олар оқуды бітіріп, елге оралып, Сыр өңірінің өркендеуіне қызмет ететін болады.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА.
20 ақпан 2018 ж. 1 550 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 73

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 68

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930