Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Заңнамадағы өзгерістер түсіндірілді

Заңнамадағы өзгерістер түсіндірілді

Қолданыстағы жер заңнамасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды кеңінен түсіндіру мақсатында АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің және «Атамекен» ҰКП өкілдері өңірімізде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Облыс әкімдігінде, облыстық кәсіпкерлер палатасында, Шиелі және Жаңақорған аудандарында өткен шарада жаңа нормалар жан-жақты талқыланды.
– Жер заңнамасына енгізілген өзгерістерге сәйкес бірқатар актілер қабылданып, бұйрықтарды Ауыл шаруашылығы министрлігі осы жылдың тамыз айына дейін бекітуді жоспарлап отыр, – деді АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төраға орынбасары Г.Бимендина.
Яғни, ауыл шаруашылығы жерлерін конкурс арқылы беру, аудио-бейнежазба құралдарын қолдану, жер комиссиясы туралы ережені бекіту, «бір қолда» болуы мүмкін ауыл шаруашылығы жерлерінің ең жоғары шекті мөлшері туралы құжаттар қабылданып бекітіледі.
Осы ретте, Жер кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды іске асыруда жергілікті әкімдіктер алдына жаңа міндеттер белгіленіп, бірқатар шараларды ұйымдастыру қажеттілігі тұр.
Түсіндірмелік шаралар кезінде жер қатынастары саласында бірқатар мәселелер көтеріліп, қосымша ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
17 маусым 2018 ж. 933 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930