Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауылдың гүлденуі – елдің өркендеуі

Ауылдың гүлденуі – елдің өркендеуі

Қазалыға қарасты құм қойнауында орын тепкен қазіргі Аранды ауылы 1949 жылы Жданов колхозы болады. Колхоздар тарап, жеке-жеке серіктестіктер құрылған кезде «Аранды Қыр» ЖШС, «Ақшоқы» ЖШС болып өзгергенімен, ел егемендік алған жылдары ауыл «Аранды» деген тарихи атымен қайта атала бастады.
Ескілерден қалған естеліктерде: «аранды» сөзіне қатысты мынандай деректер келтіріледі. Ертеде бұл маңды қоныс етіп отырған тұрғындар жерін су басып, адамдары да, аңы да құрғақ биік қыр, нұралардың басына жетуге ұмтылыпты. Осылайша араны ашылған табиғат құбылысынан көпшілікті аман алып қалуға төбе тосқауыл болған көрінеді. Қажығали Сырғали есімді азамат «Аранды» атауы қалай қалыптасқан? деген мақалсында мына бір шежірелі әңгімені жазады.
«Жергілікті жұрт саят құрып, тазы жүгіртіп, құс салып күн кешкен. Аранды қыр – биік төбе. Оның басы аң аулауға қолайлы орын. Аңшылар жануарлар құрықталатын жерді қазып, ағаштың ұшын үшкірлеп, аң ұстауды әдет қылған. Сол үшкір ағаш «аран» деп аталған. Төбе басына бірнеше арандар қойылатын болған. Оны көргендер араны көп жер, аранды жер деген деседі. Осылайша бұл маң Аранды деген атауға ие болған деген болжам бар»
– Бүгінде Аранды ауылдық округіне қарасты 2 елді мекенде 359 отбасында 2059 адам тұрады. Аранды ауылында 80 отбасында 493, Қожабақы ауылында 279 отбасында 1566 адам. 2023 жылға аудандық бюджеттен «Аранды ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барлығы 113509,2 мың теңге қаралды, ағымдағы жылдың 6 айы 53002,2 мың теңге қаржы бөлінді. Тоқсан қорытындысы бойынша мекемеге бөлінген қаржы мақсатты, мерзімінде игеріліп пайыздық көрсеткіші 99,9%-ға орындалды. Округ бойынша салық түсімдері 2826,0 мың, оның ішінде төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы 70, мың теңге, жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық 202,0 мың теңге, елді мекендер жерлеріне жеке тұлғалардан алынатын жер салығы 157,0 мың теңге, заңды тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық 97,0 мың теңге, жеке тұлғаның көлік салығынан 2296,0 мың теңге, жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы 4,0 мың теңге жиналды.
Округ бойынша бір ЖШС, бір өндірістік кооператив, 14 шаруа қожалығы, 10 аралас заттар дүкені, 9 сауда нүктесі, 25 мал шаруашылығымен айналысатын кәсіпкер, 1 монша, 2 құс шаруашылығы, әртүрлі қызмет көрсету түрлерімен айналысатын 34 жеке кәсіпкер бар. Барлығы 97 кәсіпкерлік субъектісінде 144 адам жұмыспен қамтылған. Жыл басында 88 кәсіпкерлік субъектісі бар болса, қазіргі таңға 97-ге жеткен.
Округте халық саны 2059 адамға шаққанда 4,7 пайызды құрайды. 25 кәсіпкерлік субъектісі ашылған. «Бастау Бизнес» жобасын бойынша 10 тұрғын кәсіпкерліктің қыр-сырына қанығып, сертификат алды. Нәтижесінде Рүстембек Өтениязов қайтарымсыз грант1380,0 теңге қаражатқа қол жеткізді. Қазір мал шаруашылығын дамытып, мал басын көбейту отыр. Сайранкүл Шернияз, Центр Кредит Банктен 1,2 миллион теңге несие алып, жұмыстарын жүргізуде. Ауыл әкімі Әбілғазы Томаевтың айтуынша «Ауыл аманаты» жобасы негізінде 52 миллон қаржы сұралынып отыр. 10 тұрғынның құжаттары тапсырылып, коммисияда қаралуда. Бұдан бөлек 3 адамның құжаты дайындалуда.
Округ бойынша жұмыссыз 6 маман жастар практикасына жіберілді. 26 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды. 1 отбасыға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған.
***
– Қожабақы ауылына аяқ су үшін дизелді насос(СНП-500/10) алынып, орнатылды. Округ бойынша 2009 бас мүйізді ірі қара, 4948 бас уақ мал, 1257 бас жылқы, 28 бас түйе бар. Барлық мал басы бірдейлендіріліп, базаға енгізілді. Осы жылғы индикативті жоспарға сәйкес көкөніс, бақша дақылдары су тапшылығына байланысты бір каналдың бойына орналасып, егіліп, мол өнім алынды. «Агро-Өркен» ЖШС биылғы жылға 750 гектарға күріш, 276 гектарға жаңа жоңышқа, 145 гектарға бидай егіп, 555 гектарға ескі жоңышқаны күтімге алды. Күріштен 50 центнерден, жоңышқадан да жақсы өнім алды. Серіктестікте 40-45 адам тұрақты жұмыспен қамтыған, – дейді ауыл әкімі.
Аранды ауылдық округін көркейту-көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына 3103,5 мың теңге бөлінген. Оның ішінде абаттандыру жұмыстарына 2822,0 мың, аяқ суға 873,0 мың және көше бойларына қойылған көрнекі құралдары үшін 284,0 мың теңге, Қожабахы ауылындағы парк аумағын абаттандыру жұмыстарына 26256 мың теңге және ауылішілік аяқсу насосына жанар жағар май алуға 800,0 мың теңге қаралды, – дейді ауыл әкімі.
Қожабақы ауылындағы №25 орта мектепте 14 класс комплектісі бар. 50 мұғалім және 34 техникалық қызметкер барлығы 84 адам жұмыс жасайды. Қазіргі таңда мектепте 330 оқушы бар. 14 оқушы биыл бітіріп, ҰБТ-ге қатысып, 59-124 балл аралығында алды. 2023-2024 оқу жылында 11 сыныпта 16 оқушы оқиды. Аранды ауылындағы №97 орта мектепте 11 класс комплектісі бар. 35 мұғалім және 41 техникалық қызметкерлер барлығы 76 адам жұмыс жасайды. Қазіргі таңда мектепте 109 оқушы бар, 5 оқушы биыл бітірді, 4 оқушы ҰБТ-ге қатысып, 60-109 балл жинады. 2022-2023 оқу жылында 11 сыныпта 10 оқушы оқиды. Мектеп жанынан ашылған «Арай» шағын орталығы жұмыс жасайды. Шағын орталықта бір топта 22 бала тәрбиеленіп жатыр және орталықта 9 қызметкер жұмыс жасайды.
Қожабақы дәрігерлік амбулаториясында 1 дәрігер, 21 мейіркеш, 7 техникалық қызметкер жұмыс жасайды. Аранды ауылдық медициналық бекетінде 1 фельдшер, 3 техникалық қызметкер жұмыс жасайды.
Ауылдағы 90 орындық №17 «Айгүл» бөбекжай-балабақшасында 90 бала тәрбиеленуде. 14 педагог-қызметкер жұмыс жасайды. 13-і жоғары білімді, 1-і арнаулы орта білімді. Барлығы 32 адам жұмыс жасайды.
Қожабақы ауылдық кітапханасында 13104 кітап қоры бар. Жыл басынан бергі оқырмандар саны 771 адам, оның ішінде 280-і мектеп оқушылары. Аранды ауылдық кітапханасында 10273 кітап қоры бар. Жыл басынан бергі оқырмандар саны 350 адам, оның ішінде 103-і мектеп оқушылары. Қожабақы ауылдық мәдениет Үйінде 9 қызметкер, Аранды ауылдық клубында 6 қызметкер жұмыс жасайды.

Шебердің қолы ортақ
Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы негізінде «Бастау Бизнес» жобасы аясында оқып, кәсіпкерлік негіздерін үйренген жандардың бірі – қожабақылық Күлтай Қошқарбаева.
Ол осыдан бірнеше жыл бұрын ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы тігін шеберханасын ашуға 1,5 миллион теңгеге несие алды. Қол жеткізген қаржыға замануи тігін машиналарын алып, жұмысын бастады. Отыз жылдан бері тұрғындардан түрлі тапсырыстар қабылдап, киім, құрақ көрпе, қыз жасауын жасайтын шебердің өнеріне ауыл жұрты тәнті. Әр тұтынушының көкиіндегісін дөп басып түсінетін тігіншінің талғамы тамаша. Тіпті жоғары деңгейде деуге болады. Өнері мен қоса адамгершілігінің өзі бір төбе. Не десеңіз, Күлтай Нұрмағамбетқызы көп жағдайда ауыл халқының қалтасына қарайды. «Қанағат қарын тойғызады» дегенді сөзді әркез есінде ұстайтын тігінші: «Азға қанағат етіп, тапсырыс берушінің жағдайына қараймын. Менде мынадай баға деп қатып қалатын кездер жоқ. Тапсырыс алған соң, уақытылы дайындап беруге бар күшімді жұмсаймын. Тұтынушымен жұмыс істеп отырған әрбір кәсіпкер үшін жауапкершілік пен тиянақтылық бірінші кезекте болуы керек», – дейді. Уақытында ол тіккен құрақ көрпелер мен қыз жасауларына еліміздің басқа облыстарынан да сұраныстарға ие болды.
Еңбек жолын совхозда сауыншы бастаған Күлтай Нұрмағамбетқызы озат сауыншы атанды. Партия конференцияларына делегат болып, аудандық советінің депутаты болып сайланған. Бұдан кейінгі жылдары аудандық тұрмыс қажетін өтеу комбинатында тігінші болды. Алайда, 1987 жылы аталған жұмыс орындары жабылып қалады. Бірақ кәсіп тоқтаған жоқ. Сол жылдардағы ауыл әкімі Т.Амановтың қамқорлық жасауымен ауыл ортасынан бос тұрған ғимараттан тігін шеберханасы ашылады. Ал, 2015 жылы «ШеберАN» қоғамдық қоры есебінен ашылған тігін шеберханасында тігінші болды.
Қазақтың көне қолөнер дәстүрін кейінгі жас ұрпаққа үйретіп, келешекте тігіншілік өнерін дамытуды мақсат еткен Күлтай үйренемін деушілерді қуана қарсы алатындығын айтады.
Өмірге бес бала әкеліп, тәрбиелеп өсірген ана: «Өзім үшінші топ мүгедегі болсам да тігін машинамнан бір елі алыстаған емеспін. Балаларымды да еңбек ете білуге үйреттім. «Жұмыс жоқ» деп үйде жата беруге болмайды. Шын жұмыс істеймін деген жанға мемлекеттің көмегі көп. Мәселен, шағын кәсіп ашуға болады. Ең бастысы ниет пен жігер керек», – дейді.
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
26 тамыз 2023 ж. 251 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930