Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көлік салығын төлеу мерзімі ауысуы мүмкін

Көлік салығын төлеу мерзімі ауысуы мүмкін

Салық төлеушілерге қолайлы болу мақсатында көлік салығын төлеу мерзімін осы жылдың 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылды.

Үкімет жүргізушілерге ыңғайлы болу үшін көлік салығын төлеу мерзімін осы жылдың 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сенатта "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бірінші оқылымда қаралды.
Заң жобасы көлік салығын төлеу мерзімін ауыстыруды көздейді.
"Салық төлеушілерге қолайлы болу мақсатында көлік салығын төлеу мерзімін осы жылдың 31 желтоқсанынан келесі жылдың 1 сәуіріне ауыстыру ұсынылады", - деді ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов.
Сондай-ақ, жеке тұлғалардың мүлкі мен жерге салынатын салықтарды бір салыққа біріктіру қарастырылып отыр. Яғни, екі салық бірыңғай төлеммен төленеді. Бұл түбіртектерді толтыру және банк комиссияларын төлеу бойынша шығындарды қысқартуға мүмкіндік береді.
Бұдан бөлек, көппәтерлі тұрғын үйлердің меншік иелері үшін жер салығы алынып тасталады.
Жалпы заң жобасы салық салу базасын кеңейтуді, инвестиция тартуды ынталандыруды, бизнес ортаны дамытуды, салықтық әкімшілендіруді жақсартуды көздейді.


12 қараша 2020 ж. 701 0

Жаны жайсаң жан еді

12 ақпан 2025 ж. 43

Баға жетпес ұстазым

11 ақпан 2025 ж. 61

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728