Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда кезекті футбол маусымы өз мәресіне жетті

Қазалыда кезекті футбол маусымы өз мәресіне жетті

Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық футбол федерациясының ұйымдастыруымен өткен әуесқойлар футбол лигасы өз мәресіне жетті. Бес айға созылған байрақты бәсекеге 11 команда қатысып, өзара бақ сынады.
«Жалаңтөс батыр» атындағы орталық стадионда аудан біріншілігінің жабылу салтанаты өтіп, жеңімпаздар мен жүлдегер командалар марапатталды.
Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Дәурен Тілеумбетов құттықтау сөз сөйлеп, дүбірлі доданы ұйымдастырушыларға алғысын айтты.
Мұнан соң аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Орысбек Жәмшейітов және облыстық әуесқойлар футбол лигасының директоры Еркін Жантуғанов жеңімпаздар мен үздік ойыншыларға медаль мен дипломдарды табыс етті.
Байрақты бәсекенің қорытындысы бойынша «Намыс» командасы жеңімпаз атанса, «Сыр маржаны» мен «Қайсар» командалары екінші, үшінші орындарды өзара бөлісті.
Сонымен қатар жарыста керемет ойын өрнегін көрсеткен ойыншылар мен жаттықтырушылар, төрешілер үздіктер қатарынан көрініп, арнайы дипломдармен марапатталды. Одан бөлек, жарыстың жоғары деңгейде өтуіне атсалысқан азаматтарға да Алғыс хат табысталды.

«ҚАЗАЛЫ» ақпарат
09 қазан 2021 ж. 755 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031