Қазақстанда өрт қауіпсіздігін сақтамаған сауда орталықтарының тізімі жарияланды
ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті өрт қауіпсіздігі ержесін бұзғаны үшін әкімшілік іс қозғалған сауда үйлерінің тізімін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Комитет таратқан ақпаратқа қарағанда, ұсынылған тізімге жан-жақты тексеру барысында анықталған бұзушылықтарды жою туралы ұйғарымды толық көлемде орындамаған сауда нысандары кіріп отыр. Оларға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 462-бабы 3-тармағы бойынша әкімшілік іс қозғалған. Іс шешім қабылдану үшін сот органдарына берілген.
Аталған бапқа, сәйкес заңды тұлғалар санатына байланысты 100-ден 500 АЕК-ке дейінгі айыппұл төлеуі мүмкін. Бұған қоса нысанның жұмысы 3 айға дейін тоқтатылуы ықтимал. Бірақ, нысанның жұмысын тоқтату шешімін сот қана қабылдайды.
Осылайша, әкімшілік іс қозғалған сауда үйлері мыналар:
Алматы қаласында - «Арзан» СҮ, «Домиллион» СО, Алматы кілем СҮ, Фэшн Ритейл СҮ, «Азия Парк» (Прайм плаза) СҮ, «Мәскеу» СОО, «Мамыр» СҮ, «Орбита» СҮ, «Строймарт» СҮ, «Есентай Молл» СОО, «Рахат», «Юпитер», «Барыс», «Олжа» базарлары, Аман авто СҮ, «Белес» СО, «Максима» СОО, «Торговый центр» МӘД, «Зеленый базар» базары, «Алма» СО, «Мега Тау» СО, «Туркестан» СҮ, «Жібек Жолы» СО, «Барлық сауда» базары.
Астана қаласында - «Елордалық әмбебап жабық базары», «Аружан» СОО, «Жастар» СҮ, «Автогранд» СҮ, «Ұлжан» базары, «Сауда» дүкені, «Совл» ЖШС, «Сарыарқа» базары, «EURASIAN TRADING GROUP» ЖШС» сауда үйі.
Алматы облысында - «Смағұлов ЖК» Орталық әмбебап базары.
Қарағанды облысында - «Сатурн» дүкені.