Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тарихты еске салған сенбілік

Тарихты еске салған сенбілік


Бүгін аудан орталығында орналасқан Жеңіс саябағында партияның «Ардагерлерді ардақтайық» және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «TazaLike» жобалары аясында белсенді партия мүшелерімен бірге сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.

Ұлы Жеңіс күніне орай өткізілген сенбілікке қатысқан аманаттықтар «Даңқ аллеясында» болып қажетті құрал-саймандарымен ел азаттығын қорғау жолында мерт болған жандарға арналған ескерткіштің маңын қоқыстан тазартты. Сондай-ақ, саябақ ішіндегі басқа да аумақтардың арық-атыздары және жаяу жүргіншілер жолының бойындағы қоқыстарын жинап, тазалық жұмыстарына белсенді атсалысты.

Еске сала кетейік, «TazaLike» партиялық жобасы өткен жылдың 1-наурызында өткен партияның XXII Съезінде жарияланған болатын. Жобаның басты мақсаты – азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру, қоршаған ортаны таза ұстауды күнделікті өмір салтына айналдыру және ресурстарды үнемді пайдалану мәдениетін дамыту болып табылады.

#AMANAT
29 сәуір 2023 ж. 483 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 146

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 130

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031