Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауқымды акция бастау алды

Ауқымды акция бастау алды

Бүгінде табиғаттың ластануы және онымен күрес ғаламдық мәселеге айналды. Осыған орай жыл сайын дүниежүзінде «World cleanup Day» бағдарламасы аясында сенбілік өткізу жүйелі жүргізіліп келеді. Бұл экологиялық шарадан біздің елімізде қалыс қалған емес. Аталмыш акция аясында сенбі күні аудан орталығында тазалық жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілікте аудан орталығындағы дербес бөлімдер мен мекеме-кәсіпорын ұжымдарының қызметкерлері және белсенді жастар белгіленген аумақтарды, атап айтар болсақ, Әйтеке би кентінің шет аймақтары – «Водокачка» елді мекеніне баратын жол, 5 кварталдағы «Қазақ» қорымы мен оңтүстік беткейдегі теміржол өткелінің маңайын қоқыс қалдықтарынан, арамшөптерден тазартты. Сондай-ақ осындай ауқымды шараға аудан әкімі Мұхтар Әуесұлы да қатысып, қазалылықтармен бірге тазалық жұмыстарына белсене атсалысты.
Аудан басшысы Мұхтар Оразбаев мұндай акцияның халық арасында экологиялық мәдениетті одан әрі қалыптастырып, жастардың туған жерінің табиғатын құрметтеуіне ынта беретіндігін айтып, тазалық жұмысына үлес қосқандарға өз ризашылығын білдірді.
Айта кетейік, мұндай тазалық жұмыстары Қазалы қаласы мен ауылдық округтерде ұйымдастырылуда.
Жалпы сенбілік жұмыстары хaлықтың өмiр сүру сaпасын жақсартудың, сондай-ақ елдiң тұрақты дамуының алғышарты десек қателеспейміз. Сондықтан әрқайсымыз экологиялық науқандарға белсенді қатысып, табиғат тазалығы көпке ортақ іс екендігін ұмытпағанымыз абзал.

Арайлым ЖҮСІПОВА

20 қыркүйек 2022 ж. 181 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930