Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқу-ағарту министрі Қызылорда облысының жетекші педагогтарымен кездесті

Оқу-ағарту министрі Қызылорда облысының жетекші педагогтарымен кездесті

Оқу-ағарту министрінің Жаңақорған және Шиелі аудандарының зерттеуші, шеберлерімен кездесуінде білім беру жүйесін дамытудың өзекті мәселелері талқыланды, деп хабарлайды baq.kz.
Іс-шараға екі жүзге жуық қатысушы келді. Олар пікір алысып, еліміздің бас педагогіне сұрақтар қойып, жауап алды. Кездесу барысында білім беру сапасын арттыру, педагогтерді оқыту және аттестаттау, арнайы білім беруді дамыту, тәрбие жұмысы, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту мәселелері талқыланды.
Министр барлық ұсыныстарды тыңдап, басым міндеттерді белгіледі.
Министрлік мұғалімдерді аттестаттау жүйесін жетілдіру бойынша кешенді жұмыс жүргізуде. Портфолио қалыптастыру процесі қайта қаралады. Болашақта мұғалімдердің жетістігі оқушының жетістігімен бағалануы керек. Еліміздің жетекші педагогтері — шеберлер мен зерттеушілер жас мамандар үшін үлгі болуы тиіс,— деді Ғани Бейсембаев.
Айта кетейік, бүгінде Қызылорда облысында 23 мыңнан астам педагог бар, олардың төрт мыңнан астамы – зерттеуші болса, 27-сі шеберлер.
Оқу-ағарту министрі сапар барысында бірқатар оқу орындарына арнайы барып, мектептегі тамақтануды, дабыл түймелері мен жедел іс-шараларды ұйымдастыру бойынша жұмыстарды тексерді.
Олардың қатарында «Талдысу» олимпиадалар және қосымша білім беру орталығы, Шиелі ауданының №110 мектеп лицейі және Ы.Алтынсарин атындағы №219 орта мектебі бар.
Бүгінде өңірде 1-4 сынып оқушылары тегін ыстық тамақпен қамтылған. Білім беру ұйымдарына 100% бейнебақылау жүйелері, турникеттер және дабыл түймелері орнатылған.
28 сәуір 2023 ж. 357 0

Қазақстанда күз қалай өтеді?

03 қыркүйек 2025 ж. 144

Қауіпке қарсы қам

03 қыркүйек 2025 ж. 200

Қағылды алғашқы қоңырау

03 қыркүйек 2025 ж. 169

Өгей өмір

03 қыркүйек 2025 ж. 148

Аяқдоп арманға жеткізді

03 қыркүйек 2025 ж. 163

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930