Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқу-ағарту министрі тағайындалды

Оқу-ағарту министрі тағайындалды

Ғани Бейсембаев Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
"Ғани Бектайұлы Бейсембаев Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі лауазымына тағайындалсын", -делінген Президенттің жарлығында.
Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген.
Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолын 1986 жылы Шиелі аудандық мәдениет бөлімінің автоклуб меңгерушісі қызметінен бастаған.
1989-1990 жылдары — қазақ тілі мұғалімі.
1990-1995 жылдары — орта мектепте директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
1995-1997 жылдары — орта мектеп директоры.
1997-2000 жылдары — ҚР БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы президентінің ғылыми хатшысы, кеңесшісі.
2000-2001 жылдары — Қапшағай қаласы білім бөлімінің басшысы.
2001-2006 жылдары — қосымша білім беру орталығының директоры.
2006-2020 жылдары — халықаралық білім беру орталығының бас директоры.
2006-2007 жылдары — техникалық-экономикалық колледж директоры.
2020 жылы ҚР БҒМ «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры болды.
2020 жылғы желтоқсан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін БҒМ Ы. Алтынсарин атындағы ұлттық білім академиясының президенті болды.
04 қаңтар 2023 ж. 453 0

Тазалық-өмір айнасы

24 сәуір 2024 ж. 107

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930