Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Береке басы – бақшада

Береке басы – бақшада

Бүгінде Елбасының тапсырмасына сәйкес «Ауыл шаруашылығы кооперативтері» туралы Заңды нәтижелі іске асыру мақсатында кооперативтерді құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Кооперативтерге бірігудің тиімділігі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өткізудегі барлық іс-шараларды мерзімінде жүргізіп, өнім көлемін еселеп арттыруға мүмкіндік береді. Бұл ауыл тұрғындарының әл-ауқаты мен табыс көлемін арттыруға тікелей әсер ететіндігі сөзсіз.
Осыған орай Ғ.Мұратбаев ауылының әкімі Абай Рыстығұлдың ұйытқы болуымен осы жылдың наурыз айында «Жас Ғани» ауылшаруашылық өндірістік кооперативі құрылды. 25 отбасынан құралған кооператив қарамағына 7 гектар жер аумағы бөлінген. Соның ішінде, 4 гектарына қарбыз тұқымы себіліп, қалған жеріне картоп, асқабақ, қауын егілуде.
Ғ.Мұратбаев ауылының тұрғыны Оралбай Жұматаев қазіргідей нарықтық заманда ер де, әйел де жұмысы бар бола тұра қарап отырмай, қосымша кәсіп көзімен айналысқаны дұрыс деген ойын жеткізді. Қазір ол «Жас Ғани» ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің төрағасы қызметін атқаруда. Егін шаруашылығында біршама тәжірибесі бар маман. Бұған дейін 10 жылға жуық 60 гектар жерге күріш еккен. Бала кезінде әкесінің жанында жүріп қарбыз, қауын егудің қыр-сырына да әбден қаныққан.
Оның айтуынша, бау-бақша егіп, оны күтіп-баптау оңай шаруа емес. Ең әуелі сәуір айында арнайы «Т-150» тракторымен жер жыртып, атыздап егістік жерін дайындаған. Дайын жерге кооператив есебінен 16 адам таң атқаннан күн қарайғанға дейін егін еккен. Аяқ су мәселесі де оңтайлы шешіліп, үздіксіз «Қырғыз» каналынан келіп тұр. Екі апта бұрын егілген дәндер көктеп, бой көрсетіп, диқаншыларды қуантуда.
«Қазір елге бар мүмкіндік жасалуда. Кәсіппен айналысамын деушілерге мемлекет қаржылай да жәрдем беруде. Осындай жағдайды қалай қолданбасқа?! Жер тың, еткен еңбегіңе қарай өнім алуға болады. Жалқауланбай күтіп-баптасаң, кез келген дән өз өнімін берері сөзсіз. Біздегі бір ерекшелік – қарбыз тұқымында. Бұл соңғы үлгідегі сұранысқа ие шет елдік өнім. Ерекшелігі, толықтай өңдеуден өткен. Жер талғамайды. 1 банкасы 11 мың теңгеге бағаланады. Салмағы – 500 грамм, 1,5 гектарға егуге жетеді. Аралары 50-70 сантиметірлік ұяларға 2 тұқымнан тастадық. Шығымы жаман емес. Бұйырса, 10-15 келі көлемде өнім береді деп үміттенеміз», – дейді О.Жұматаев.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
28 мамыр 2018 ж. 1 971 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930