Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ерекше балаларды оқыту екпіні артты

Ерекше балаларды оқыту екпіні артты

Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың биылғы Қазақстан халқына Жолдауы елдегі көптеген мәселені көтеріп, күрмеуі қиын істерді шешуді қолға алу керектігін көрсетті. Әсіресе инклюзивті білім беру жүйесінің қолжетімді болуын ерекше атап өтті. Себебі қазірдің өзінде денсаулық жағдайына байланысты білім алу құқығынан шектелген балалар аз емес. Көбіне ата-ана алдымен баланың денсаулығын дұрыстауға көңіл бөледі. Мұндай жағдайда білім беру ұйымдары ерекше оқушыларға тиімді оқу процесін ұйымдастырса игі. Қазалыдағы инклюзивті оқыту мәселесі жайында жақында аудандық білім бөлімінің басшысы Әділхан Жөлекешевпен әңгімелесудің сәті түскен еді.
– Әділхан Оңдасынұлы, Қазалыда инклюзивті білім алуға мұқтаж қанша оқушы бар? Оларды оқыту қалай жүзеге асып жатыр?
– Қазіргі таңда қоғамда ерекше білім алуға қажеттілігі бар балаларға айрықша қамқорлық жасалуда. Мұндай топтағы оқушыларды қолдау мақсатында биылғы оқу жылында 819 бала психологиялық-педагогикалық, медициналық консультациядан өтті. Білім ошақтарында арнайы маман ерекше балалармен ұдайы әрі тығыз қарым-қатынас орнатқан. Мектепке дейінгі ұйымдарда 156 бүлдіршін мен мектеп жасындағы 332 бала білім беру ұйымында, 87 бала үйден оқыту арқылы инклюзивті біліммен қамтылып отыр.
– Инклюзивті білім беретін мұғалімдерге Заң бойынша қосымша ақы төленуі тиіс. Жалпы, ұстаздар мен ерекше оқушыларды оқу құрал-жабдықтарымен қамту ісі қалай?
– Білім беру ұйымдарында арнайы бағдарламамен оқитын оқушыларға дәріс беретін 782 мұғалімге ҚР Үкіметінің 2015 жылғы №1193 қаулысына сәйкес 40% үстемақы төленеді. Бұл мұғалімдердің ізденісін арттырып, ынтасын ояту үшін жасалған қадам деп білеміз. Оқытушылар сенім үдесінен шығып, лайықты нәтиже көрсетуде.
Бұдан бөлек «Мүмкіндігі шектеулі балалар үшін инклюзивтік ортаны қалыптастыру бойынша 2020-2022 жылдарға арналған өңірлік «Жол картасы» бекітілгенін білесіздер. Оның аясында инклюзивті қолдау кабинеттерін ашу, оны арнайы мамандармен қамту және біліктілігін арттыру курстарынан өткізу, оқу әдістемелік құралдармен жабдықтау әрі инклюзивті білім алу үшін кедергісіз ортаны қалыптастыру жолға қойылған.
– Кейбір мектепте ерекше күтімдегі балалар білім алатын кабинеттер қарастырылмағаны белгілі. Ұстазға бала үйіне қатынау да оңайға соқпайды. Осы мәселені еңсеру бағытындағы жоспармен бөліссеңіз...
– Әлгінде ғана сөз еткен «Жол картасы» ­аясында облыстық бюджеттен қаржы қаралып, 2020 жылы 5 мектепте инклюзивті қолдау кабинеті, 6 балабақшада логопедиялық пункт ашылды. Мұнымен қоса арнайы маман қаралып, құрал-жабдықтарымен қамтылды. Бұл игі іс биыл да жалғасын тапты. Қазіргі кезде аудан бойынша 25 мектеп пен 13 балабақшада 43 арнайы маман ерекше балалармен жұмыс жүргізіп отыр. Келер жылы да инклюзивті біліммен қамтылған ұйымның санын арттыру жоспарда бар.
Сол сияқты 2021-2022 оқу жылы қарсаңында ойлау қабілеті мен моторикасын дамытуды қажет ететін балалар білім алатын №25, №78, №134, №165, №204, №234 мектептерде «Edu Quest» арнайы мультимедиялық құрылғысы, ауызша және жазбаша сөйлеуін түзетуді қажет ететін балалары бар 9 мектепке «Дельфа» логопедиялық тренажеры орнатылды. Қазір қызметкерлер осы құрылғылардың көмегімен ерекше балаларды дамытуға күш салып отыр.
– Ұстаздардың арнайы педагогикалық білімі болатынын білеміз. Сол сияқты ерекше балалармен жұмыс істейтіндер қосымша білім алады ма?
– Соңғы екі жыл көлемінде «Жол картасы» аясында инклюзивті білім берумен айналысып жүрген педагогтардың біліктілігін арттыруға қаржы қаралып, аудан бойынша 300 мұғалім мен 100-ге жуық тәрбиеші, 4 дефектолог біліктілігін арттырды.
Жалпы ерекше балалармен жұмыс жүргізуде ата-аналардың да көмегі зор, педагогтармен бірлесе баламен үздіксіз жұмыс жасап жүрген ата-аналарға ризашылығымызды білдіреміз. Әр бала білім алып, ой-өрісін кеңейтуге, кемел келешекке ұмтылған елімізде кедергісіз өмір сүруге құқылы екенін естен шығармаса екен.
– Әңгімеңізге рахмет!

Ринат ӘБДІҚАЛЫҚ
06 қараша 2021 ж. 1 129 0

Ротация туралы не білеміз?

03 желтоқсан 2024 ж. 54

Ерекше жандар ескерілді

03 желтоқсан 2024 ж. 82

Тәуелсіздікті ту етемін

02 желтоқсан 2024 ж. 83

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031