Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауыл әкімі мен оның аппаратына қосымша функциялар берілмек

Ауыл әкімі мен оның аппаратына қосымша функциялар берілмек

Бюджеттің IV деңгейіне қосымша салықтар мен төлемдердің кейбір түрлерін беру жоспарланып отыр. Бұл туралы Мәжілісте «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заң жобасын таныстыру кезінде Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков айтты, деп хабарлайды inform.kz.
«Жалпы, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әкімнің және оның аппаратының бұрыннан бар функцияларын ескере отырып, заң жобасы аясында ауыл әкімі мен оның аппаратына тиісті қосымша функциялар беру ұсынылып отыр. Бұл тұрғыда көрме-жәрмеңке қызметін ұйымдастыру және көше саудасының мониторингі (аудандық деңгейден), коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру, балалар ойын алаңдарына арналған жабдықтардың қауіпсіз болуына мониторинг жүргізу, сондай-ақ жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуын қамтамасыз ету (аудандық деңгейден), тұрғындарға ақылы негізде қызмет көрсету сияқты функциялар ескерілген», - деді Б. Омарбеков.
Оның айтуынша, заң жобасы аясында бюджеттің IV деңгейіне қосымша салықтар мен төлемдердің кейбір түрлерін беру жоспарланып отыр:
- облыс мәслихаты бөлетін заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлердің мүлік салығының 50%-ы;
- жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым (бензинді, дизель отынын, экологиялық отынды көтерме және бөлшек саудада өткізу және басқа да өнімдер);
- жекелеген қызмет түрлерімен айналысуға лицензияларды пайдаланғаны үшін төлемақы;
- су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлем.
«Сонымен қатар, әкім аппараттарына ақылы қызметтерді іске асыра отырып, ауыл бюджетін көбейтуге мүмкіндік беріледі. Ол үшін әкім Кеңеспен (ауылдық округ кеңесі) келісім бойынша коммуналдық кәсіпорын құру немесе еңбекақы төлеудің кесімді жүйесімен қызметті жүзеге асыратын тиісті мамандарды тікелей жалдау арқылы қосымша жұмысшыларды тарта алады. Мәселен, әкімге Кеңеспен келісім бойынша қажетті арнаулы техниканы өз балансына сатып алуға немесе тиісті техникасы бар жергілікті тұрғынмен (кәсіпкермен) шарт жасасуға мүмкіндік беріледі. Бұл ретте, Кеңес бекіткен тариф бойынша осы қызмет әкім аппараты атынан ауылдың басқа тұрғындарына немесе ұйымдарына да көрсетілуі мүмкін», - деді вице-министр.
Оның пайымынша, бұл қадамдар жедел түрде кадр тапшылығын шешуге және әкім аппаратының өкілеттігі шегінде жекелеген қызметтерді орындау үшін ауыл тұрғындарын жұмысқа орналастыруға мүмкіндік береді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Мәжілісте таныстырылған заң жобасы аясында Қазақстанда ауылдық округ кеңестерін құру жоспарланып отыр.
06 сәуір 2023 ж. 164 0

Мектептегі мұражай

30 сәуір 2024 ж. 188

Туған өңір - тұнған өнер

29 сәуір 2024 ж. 131

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031