Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарашеңгелдегі жайылымдарды басқару қалай ұйымдастырылды?

Қарашеңгелдегі жайылымдарды басқару қалай ұйымдастырылды?

Қарашеңгел ауылдық округі бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспары «Қазалы ауданы бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы» Қазалы аудандық мәслихатының 07.12.2021 жылғы №152 шешімімен бекітілген.
Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, жем шөпке қажеттілікті тұрақты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болғызбау мақсатында қабылданды.
Қарашеңгел ауылдық округі бойынша 2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру бағытында су тапшылығының алдын алу және жайылымдарды суландыру мақсатында жыл басынан бері «Жалаңтөс батыр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «РЗА» акционерлік қоғамы және ауыл тұрғындарымен бірлесіп, «Мәдениет», «Қызылой», «Тасарық» каналдарына механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді. «Талдауыл», «Қаратай», «Астырт», «Мәдениет» жайылымдары суландырылды.
Сонымен қатар, ауылға аяқ су келетін «Қызылой» каналының бойындағы су тоспасына жөндеу жұмыстары жүргізіліп, іске қосылды. Су тапшылығының салдарын жою үшін Жалаңтөс батыр ауылының кіре беріс батыс беткейінде орналасқан су ұңғымасына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін үстіміздегі жылы республикалық бюджеттен 16573,1 мың теңге қаржы бөлінді. Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысымен 15400,0 мың теңгеге жеңімпаз болып танылған «PRIDE LTD» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аталған жұмыстарды аяқтады. Серіктестік 230 метр тереңдіктен тұщы су шығарып, халық игілігіне пайдалануға берді.
«Қарашеңгел ауылдық округі әкімінің аппараты»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі


03 желтоқсан 2022 ж. 518 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 171

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031