Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ара ұясы ауруға ем

Ара ұясы ауруға ем

Жақында үйдің сыртындағы бірнеше жылдық ағаш шіріп кетіп кестіруге тура келді. Қатпар-қатпар кәрі талды құлату оңай болмады. Десе де кейінгі шыққан тоқ араның қайраты қойсын ба жерге сұлатып түсірді. Жиналып тұрған ер адамдардың бірі: «Мынаны қара, ішіне ара ұя салыпты» деп таңданды. Әкем: «Иә, ара ұя салғалы біраз болған-ау. Өткен жолы бір топ ара маған «шабуылдаған», – деді ұяны қолына алып жатып. Әріректе тұрған көрші жігітағасы: «Бұны тастамау керек, пайдасы орасан», деп араның ұясын иегімен меңзеді.
Олардың әңгімесін тыңдап тұрған мен: «Кәдімгі шаққан жерін удай ашытып, ойбайлата жөнелетін сары араның ұясы кеселге шипа» дегенге таңқалдым. Сөйтіп ұяға деген қызығушылығым артып, ол туралы ізденіп көрдім. Үлкендерден сұрап, интернеттен қарап біраз дүниеге қанық болдым. Мәселен, қол-аяқ жасызданғанда сары ара ұясының үлкендеуінен бір данасы, оған қосымшак кішілеуінен 3-4 данасын алып, жалқы өскен сарымсақпен қосып жаншып, аурырған жерге таңу керек екен. Ал, бір деректе араның ұясы тері қышымасына да пайдалы деп жазыпты. Ол үшін ара ұясын өңделген спиртке 7 күн шылап, 8-ші күннен бастап қышымаға бірнеше рет жағады. Әйелдерде омырау безі ісінгенде ара ұясын отқа өртеп, сол күлдің 6 грамын суға бұқтырып, онымен ауызды шаяды. Спиртке ірнеше рет шылап алса, ара ұясы өңделген болып саналады. Ыстық-суықтан тіс қақсағанда соны суға бұқтырып, сол сумен ауызды шаюға болады. Қажетті мөлшерде алып, қақсаған тіске басады. Іш ауруы (дизентерия) кезінде ара ұясын кептіріп, ұнтақтаған соң, күніне 0,3 граммнан екі-үш рет ішеді.
Мына бір мәліметте баланың кіндігі сыртқа шығып кеткенде, ара ұясын өртеп, күлін кіндікке тағады делінген. Бұл рецепттер XY ғасырдағы ғалым-шипагер, қазақ халық медицинасының негізін қалаған Өтебойдақ Тілеуқабылұлының жазбаларынан алынған. Ғалым онда араның ұясын күзде немесе қыста жинау керек депті. Сосын оны азырақ булағаннан кейін, өлген араларды алып тастап, кептіріп қою керек. Құрамында балауыз, ағаш майы тектес зат және ұшпа май бар бұл ұяны құрғақ жерде сақтаса, қай кезде де қолдана беруге болады екен.
Араның ұясынан бөлек балын кез-келгеніміз күнделікті өмірде пайдамызға жаратамыз. Ем ретінде, тәтті-дәмдер пісіруге, тері күтіміне де балдың пайдасы зор. Бал ағзадағы зиянды қалдықтарды шығаруға, ағзаны жасартуға, артериалдық қысымды төмендетуге және семіздікпен күресуге көмектеседі, – дейді омарташылар.
Бал арасы мыңдаған гүлдерге ұшып-қонып жүріп азығын жинайды. Ондаған шақырымдарға ұшып барып, компассыз-ақ күнге қарап қайта айналып, ұясын таба алады. Алты бұрыш етіп, геометриялық пішінде бал ұяшықтарын жасауының өзі таңғаларлық. Осы орайда бал ұяшықтарын неліктен алты бұрышты етіп жасауда? Неге сегіз бұрыш немесе үш бұрыш яки бес бұрыш емес? – деген заңды сұрақ туады. Математиктердің есебі бойынша алты бұрышты бал ұяшықтарын жасауда ең аз материал қолданылып, көп мөлшерде бал алуға болады екен. Аралар бал ұяшықтарын жасаған уақытта бөлек-бөлек екі-үш жерден бірден бастайды. Яғни, бір топ ара бөлек-бөлек жерден бастап, бірдей өлшемде алты бұрыш жасап, бір-бірімен біріктіре отырып бал ұяшықтарын тоқып, сосын барлығы ортада кездеседі екен. Алты бұрыштардың бір-бірімен қосылған тұстары өте шеберлікпен іске асқандықтан, кейіннен біріктірілгендіктері мүлдем байқалмайды. Қай гүлдерде бал бар екенін, күнге қарап ұшқан ұясын қайта табуды, керемет есеппен есептелген бал ұяшықтарын жасауды білетін араның іс-әрекеті кім-кімді де таң қалдырмай қоймайды.
Тіпті араға шақтырып емдеу туралы естігендеріңіз бар шығар. Оның ерекшелігі бал арасының уында көптеген ферменттер мен аминқышқылдар бар. «Адам ағзасына 24 аминқышқыл қажет болса, соның 18-і араның уында кездеседі. Яғни ағза тіршілігінің қызметі үшін аса қажетті. Ара уындағы қабынуға қарсы ферменттер гармондық дәрінің әсерінен 100 есе күшті. Ауырсынуды басатын қасиетін айтсақ, бір ғана морфиннің өзінен 100 есе артық. Ісікке қарсы қасиеті бар, әдетте антибиотик дәріні қолдансаң, ағзаның екінші бір зиянды микроорганизмдері сыр береді, ал ара уында олар жоқ. Яғни стрептококк, стафилококк, ішек таяқшалары, іш сүзегі, туберкулез таяқшалары секілді тағы басқа бактерияларға қарсы емдік қасиеті жоғары» деседі дәрігерлер.
Дайындаған
Ұлболсын ТАЛАПБАЕВА
28 наурыз 2023 ж. 1 137 0

Музей – тұнған тарих

18 мамыр 2024 ж. 80

Бегім ана берген сый

18 мамыр 2024 ж. 118

ҰБТ: қам қалай?

18 мамыр 2024 ж. 88

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031