Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » “Жарғанаттың ұясы үшін 250 мың доллар береді” деген әңгіме қайдан шықты?

“Жарғанаттың ұясы үшін 250 мың доллар береді” деген әңгіме қайдан шықты?

    250 мың доллар. Осыншама ақшаға сіздің қорадағы бір керексіз затты сатып алам,-деп біреулер хабарлама жіберсе… Не істейсіз? Қора-қопсыны қопарып, астын-үстіне шығарып адақтап кетесіз.
   Дәл қазір Түркістан, Жамбыл, Алматы өңірінің жұрты, солай сабылып іздеп жүр. Іздеп жүргені  жарқанаттың ұясы.

     250 мың долларға мұны арабтар сатып алмақ екен. Не дейсің, ол ұяның ішінде  рактан жазатын, адамды мәңгі жас қылатын сұйықтық бар екен! Амрита кокон дейді екен, әлгіні. Бір қызығы, айдалада жатқан бұл қандай «батпан құйрық» деп сұрақ қойған ешкім жоқ. Үңгір аралап кетті. Бұл әңгіменің қаншалықты шындыққа жанасатынын анықтап көрейік.
    Мыш-мыш ақша көрсетіп, әлгінде ғана жарқанат ұясын саттым, сатып алдым,-деген осындай видео, фейсбук, ватсапта өріп жүр. Осыны көрген жұрт, «ұшып-кіріп жүруші еді»,-деп, қыстың күні үйінің, қорасының шатырын ашып-жауып әлек. Үңгір аралап кеткендері қаншама?!
    Не дейсің, жарғанат ұясын сатып, миллионер боп кетіпті деген қаңқу сөз көп. Тап мынау адам байып кетті, дейтін бірақ нақты адрессат жоқ. Әйтеуір жұрт айтып жүр, солай… Ал, жұрттың бәрі айтып кетсе, ол әлбетте  алаяқтық.
     Бұл алаяқтық топпен жасалады. Мысалға: Мен жаныма 5-6 адам жинаймын да, жарқанаттың ұясын 50 мың долларға сатып алам деп қаңқу сөз таратам. Табан астында, міне Нағашыбек  ұяға ұқсас бірдемені алып келеді. Мен 50 мың доллар санап берем. Дәл солай, тағы бір сыйбайласымнан сатып алам. Ел еліріп, қызығып кетеді. Сол кезде, менің бір сыбайласым: – шұғыл ақша керек. 7-8 ұяны бар-жоғы 2 мың долларға сатам,-деп жарнама жасайды. Қора, үңгір ақтарып, жарқанат ұясын таба алмаған аңқау қазақ әлгінің қолындағысын сатып ап, маған жүгіріп келеді. Мен: Кешір, арабтар бұл тірлікті жауыпты. Керек емес енді,-деймін. Бітті. Әп-сәтте байып кетем деген адам  тақырға отырады… Гирр, Зилл дейтін тоңазытқыш, міне жарқанат ұясы  бәрі-бәрі осындай афера.
     Жарқанаттың ұясы демекші. Биолог ғалымдар айтып отыр: бұл мақұлық ұя салмайды деп. Енді, жарқанат  ол кәдімгі тышқан. Тышқан дегенің жылқы секілді жануар… Ал енді сізге жылқының ұясын сатып алам десем, абсурд па? Жарқанат ұясы деген де тура сондай ұят әңгіме…
    “Жарқанаттың ұясын көрсетсе  ол кісіні бірден Нобель сыйлығына ұсынар ек. Себебі, жарғанат ұя салмайды. Ол кәдімгі тышқан секілді ағаштың қуыстарына, шатырдың астына, үңгірлерде өмір сүреді. Ол баласын кәдімгі тышқан секілді тірі туады. Төлі  анасына жармасып алады. Бір айдан соң, өзі де ұшады. Ал мынау видеодағы кокон  бұл тропикалық араның ұясы. Ал енді бір видеодағы кокондарды аферистер лай-саздан жасап алған. Алданып қалмаңыздар. Жарқанатта ұя болмайды” – дейді ҚР Білім және ғылым министрлігі зоология институтының ғылыми қызметкері Марина Чирикова.
    Сонымен, жарқанаттың ұясы болмайды екен. Ал, мынау видеодағы не бұйым? Бұл құрқылтай дейтін құстың ұясы. Келесі көктемнен бастап, бұл әдемі құсты Қазақ жерінен көрмейсіз енді. Жоғалттық! Себебі  жарқанат ұясы екен деп, ауылдағы жұрт,  осы құрқылтайдың мыңдаған ұясын бұзып, қолдарында ұстап отыр.
    Ал енді, ұя ішіндегі сұйықтық жайлы бір ауыз сөз. Оны амрита «өлместің суы» деп жатыр. Арабтар соған қызығып отыр екен. Сол үшін 250 мың доллар береді екен. Ертеректе перғауындар ішіпті, бүгінгі күні оны президенттер, байшыкеш адамдар пайдаланады екен.
    Не дейсің, әлгі сұйықтық рактан жазады екен. Мәңгі жас қалпыңда қалдырады екен,-деп жүр. Бұл айтқандарына жұртты сендіру үшін  небір тәжірибе жасап әлек. Қараңызшы: Сарымсақтан қашып, алтынға ұмтылған мынау қоймалжыңды… Бұл не пәле?
   Иә, бұл баланың ойыншығы. Магнитті сұйықтық дейтін аты бар. Үйде де жасап алуға болады: Кәдімгі магнитті ұнтақтап, оған май құйсаң  осындай қоймалжың шығады. Магнитті жақындат, осылай зыр жүгіреді, пошымын өзгертеді. Түсіндіңіз ғой?
    Сонымен, жарқанат ұя салмайды. Ұясы болмаса, мынадай өтірік сұйықтық та жоқ. Бұл ойыншық. Бір күлкіңді келтіретін нәрсе жұрт осы өтіріктерге сеніп, сатып алып жатқаны…
   “Жарқанаттың ұясын іздеп кетуіміз надандығымыздың белгісі, біздің білімсіздігіміздің белгісі деп ойлаймын. Екіншіден ақпарат саласында негатив көп. Танымдық, ғылымға негізделген бағдарламалар көп болса, мұндай жайттар орын алмайды деп ойлаймын” – дейді қоғам белсендісі Алтынбек Кершеев.
     Бүгінгінің үлкен қасіреті  жұрттың бәрі бай болғысы келеді. Еңбекпен, ақылмен емес. Әп-сәттеүлкен ақшаны тауып алсам, ие болсам дейді. Біреу миллион берем десе  жазықсыз тіршілік иелерінің ұясын ойрандап, мүйізі үшін қырып, өсімдіктерді түп-тамырымен жойып, әлгінің қолына өзіміз ұстатып жатырмыз… Обал-сауап жоқ.
    “Шынында да біздерге Қытайлар келіп, біздің елімізге басып кіріп, жануарымызды қырып, құстардың ұясын бұзып жатқан жоқ. Ол өзіміздің қазағымыз. Күн көрістің қамы етіп, адал жолмен ас таппай, табиғатты бұзу арқылы арам ақша табам дегендердің обал-сауаптан мақұрым қалған деп ойлаймын” – дейді қоғам белсендісі Тұрар Сәттарқызы.
     Қыстың қақаған ортасында, үңгір түбінде ұйқыда жатқан жарқанаттарды, ұя іздеген пысықайлар оятып, үркітіп жатыр. Олар оянып кетсе, қайта ұйқыға кете алмай, үсіп өледі. Ал жарқанат қырылса көктемде безгек эпидемиясы басталады дей беріңіз. Жарқанат небір ауру таратушы маса-шыбынның 2 миллион данасын бір түнде жейтін жәрдемші мақұлық еді… Еді деп өткен шақта сөйлеп жатырмыз, себебі қазір жарқанатқа геноцид жасап жатырмыз…
28 қаңтар 2019 ж. 1 676 0

Әлеуеті артқан ауыл

26 қараша 2024 ж. 32

Ереулі атқа ер салмай...

26 қараша 2024 ж. 29

Агросалада қарқын бар

26 қараша 2024 ж. 33

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930