Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрқылтайдың қасиеті

Құрқылтайдың қасиеті

Заман ілгерілеп медицина қанша қарыштап дамыса да, химиялық дәрі-дәрмектен көрі табиғи ем түріне деген қажеттілік қашанда маңызын жойған емес. Соның ішінде ата-бабаларымыз ежелден қолданған тәсілдерінің бірі – құрқылтайдың ұясымен ем жасау. Кішкентай ғана көзге көрінер-көрінбес осы құс ұясының өте керемет емдік қасиеті бар екенін біреу білсе, біреу білмес.
Құрқылтай – бұл қасиетті де киелі құс. Құрқылтайдың ұясы 80 түрлі ауруға ем. Радикулит, цистит, қуықтағы грыжа, сүйек сырқырауы, буынның сырқырап қақсауы, тамырлардың ісінуі, бүйрек аурулары, ревматизм, жыныс жолдарының суықтауы, жатырдағы түрлі аурулар, простатит, аденома, бедеулік, белсіздік, құрсақ көтермеу сияқты көптеген ауруларға шипа. Және де бұл емді кез келген адам үй жағдайында қолдана алады. Ешқандай қиындығы жоқ. Тек ұяның бұлауына кешке жатар алдында түскен жөн. Өйткені ем қабылдағаннан кейін желге шығуға, суық тигізуге болмайды. Ем он немесе он бес күнге дейін жалғасады. Міне, осы он бес күнге осы құстың бір ұясы жетеді.
Бір ескеретін жайт, ем екен деп құрқылтайдың ұясын кез келген уақытта алуға болмайды. Ұяны балапаны қанат қағып, ұшып кетіп, ұя бос қалғанда ғана алуға болады. Әйтпесе киелі құстың киесі ұрады. Бала күнімде әжемнің бір айтқаны бар еді. Кезінде қайсыбір елде осы құстың өзі мен бір ғана ұясын бес тонна күрішке бағалаған деседі. Ал мен осы құстың ұясы жайлы бала кезден естіп-көріп келе жатқан, өзім нақты білетін аздаған мәліметімді көпшілікпен бөлісейін.
Ұя негізі шөп пен жібектен тұрады. Құс оны ауыз сілекейімен мықтап өре тоқиды. Кәдімгі әжелердің баласына шұлық тоқығанындай шеберлік дерсіз. Егер қолыңызға ұстап, жақсылап қарасаңыз, асқан шеберлікпен тоқылған, кішкене тесігі бар себет қапшықты елестетеді. Құрқылтай ұяны кем дегенде 7 метр биіктікке – ағаш басына салады. Жерден қарағанда бұл кәдімгі себет қапшықты ағаш бұтағына ілдіріп қойғандай көрінеді. Оған адам түгілі өрмелеген жылан да жете алмайды. Жылан қанша жармасса да бұтақтың игіштігінен жерге сырғып түсіп қалады. Алайда қанша күшті жел, нөсер жауын, боран болса да ұя сол қалпы тұра береді, үзіліп жерге түспейді. Не желмен ұшып жоғалып кетпейді. Өйткені ұясын тоқығанда жібекті ағаштың бұтағына мықтап «байлап» тастайды. Ұяның негізгі емдік пайдасы – құрқылтайдың ауыз сілекейінде.
Құрқылтайдың ұясымен емделу үшін емші іздеп әуре болудың қажеті жоқ. Оны қалаған адам өзі-ақ жасай алады. Емдік қасиеті бар шөптерден іріктеп, әрі сілекейімен өріле тоқылған ұя жібек сияқты болады. Оның біреуін бірнеше емге пайдалана аласыз. Цистит кезінде немесе бала шыжың болса, ересектерде де зәрдің шықпауы немесе жиі мазалауында, қуыққа тас байланса, қуық қабынса ұядан азырақ бөліп алып, түтіп, шұқырлау темір ыдысқа саласыз да, оған азырақ қана адыраспан қосасыз. Оны адыраспанды түтеткендей түтету керек. Қыз-келіншектер ұзын етек көйлек, ал ер адамдар белінен төмен жамылғы орап алып, сол түтін басылғанша үстінде отырады. Оған ары кеткенде 10-15 минут қана уақыт кетеді. Сосын жылы киініп алу шарт. Екі-үш рет жасаса жеткілікті.
Тап осы амал әйелдердегі суықтау, жатырдағы басқа да ауруларда, бедеулікте, ер-азаматтардағы импотенция, простатитте, бел омыртқасындағы грыжаға да шипа. Тізеде, буындарда, тіпті желкеде тұз болса, сары су жиналу, аяқ буындары ісінуі, сүйектің қақсауында жаңа орылған бидайды сабағымен алып, құрқылтай ұясының аз ғана бөлігімен суға бір қайнатып, айналасын қымтап, сол қоймалжыңға тізерлеп отырады. Оны азырақ мөлшерде жасап, қалыңдау матаға салып, екі тізеге, желкеге таңып қоюға да болады. Қаны қою, ұйып қала беретін адамдарға, радикулит, остеохондрозда да осы амал ем екен.
Міне, құрқылтай ұясының осындай ерекше қасиеті бар. Мұны да біле жүргеніміз жөн. Дегенмен ем екен деп қасиетті құстың ұясын балапандары қанаттанбаған кезде алып, оның көбеюіне зиян тигізбеу жағын да ұмытпау керек. Қай нәрсенің де обалы, киесі болатынын естен шығармайық.

Дайындаған
Арайлым ҚУАНТҚАНҚЫЗЫ
19 шілде 2022 ж. 1 668 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031