Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Цифрлық құжаттар сервисі тағы бір қажетті құжатпен толықтырылды

Цифрлық құжаттар сервисі тағы бір қажетті құжатпен толықтырылды

Бұл сервис ҚР Цифрлық даму министрлігі, ҚР Ұлттық банкі, "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ және "Мемлекеттік кредиттік бюро" АҚ үйлесімді жұмысының арқасында іске асты.
Азаматтардың құжаттарын (жеке куәлік, паспорт, жүргізуші куәлігі және т. б.), оның отбасын (неке туралы куәлік, балалардың туу туралы куәлігі) қамтитын, бәріне ұнайтын цифрлық құжаттар сервисінде тағы бір құжат (басқа құжаттар бөлімінде) пайда болды. Енді әрбір азаматқа көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру полисі қолжетімді.
Сақтандыру полисі – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың міндетті түрі бойынша сақтандырушы мен сақтанушы арасындағы шарттық қатынастардың дерегін растайтын құжат.
"Басқа цифрлық құжаттармен ұқсастығы бойынша "сақтандыру полисі" қағаз құжатпен қатар заңды күшіне ие және сақтандыру компаниясы, сақтандыру полисінің мерзімі және т. б. туралы ақпаратты қамтиды. Осы цифрлық құжаттағы барлық мәліметтер "Мемлекеттік кредиттік бюро"АҚ ақпараттық жүйесімен интеграциялық өзара іс-қимыл арқылы көрсетіледі. Министрлік халыққа ыңғайлы болу үшін құжаттарды цифрландыру жұмысын жалғастырады", - деп атап өтті Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин.
Бұл цифрлық құжат азаматтарға өз құжатын мобильді қосымша арқылы электрондық форматта көруге, сондай-ақ оның дұрыстығын тексеруге мүмкіндік береді.
Сақтандыру полисінің болуы немесе болмауы туралы ақпарат міндетті сақтандыру туралы Заңның талаптарын, атап айтқанда, көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін орындау үшін, сондай-ақ азаматты сақтандыру шартының аяқталу мерзімін бақылау және өзге де мақсаттар үшін пайдалану үшін қажет.
Анықтама үшін: Мемлекеттік кредиттік бюро АҚ ақпараты бойынша 2022 жылдың қорытындысы бойынша 6 млн.астам сақтандыру КҚИ АҚЖМС полисі берілді.
16 наурыз 2023 ж. 241 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930