Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Енді паспорт та цифрлық форматқа ауыстырылатын болды

Енді паспорт та цифрлық форматқа ауыстырылатын болды

Қазақстанда паспорт да цифрлық форматқа ауыстырылады. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин телеграм каналда жазды, деп хабарлайды inform.kz.
«Цифрлық құжаттар» - eGov Mobile қосымшасындағы танымал сервистердің бірі. Бүгінгі таңда қажетті құжатыңыздың түпнұсқасы болмаған кезде смартфон арқылы сандық құжатты пайдалану өте ыңғайлы. Цифрлық куәлікті қолдану тиімділігін көрсеткен соң, біз паспортты да цифрлық форматқа аударуды шештік. Енді цифрлық паспорт eGov Mobile мобильді қосымшасында қол жетімді.Әзірге цифрлық паспортты жеке басын сәйкестендіру үшін Қазақстан аумағында ғана пайдалануға болады. Мұндай қажеттілік, мысалы, куәліктің жоғалуы немесе оның жарамдылық мерзімі аяқталған жағдайда туындауы мүмкін», - деді министр.
Айта кетсек, бүгінгі күні паспорттан басқа ең көп сұранысқа ие 18 құжат цифрлық форматқа көшірілді – бұл жеке куәлік, жүргізуші куәлігі, ПТР-тесттер, туу және неке туралы куәлік және тағы басқа құжаттар.
09 қараша 2022 ж. 408 0

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 57

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 56

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 53

Алқаптағы алғашқы орақ

13 қыркүйек 2025 ж. 42

Бішкекте жер сілкінді

12 қыркүйек 2025 ж. 147

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930