Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ысырапшылдық ырысты алыстатады

Ысырапшылдық ырысты алыстатады

Қазақ халқының салт-дәстүрі сан ғасыр бойы қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Ықылым заманнан береке мен бірлікті басты бағыты еткен еліміз – «тарта жесең – тай қалады, қоя жесең – қой қалады, қоймай жесең – нең қалады» деп үнемшілдікті насихаттаса, ысырапшылдықты – жаратушы сүймейтін іске балаған. Алайда заман ағынына ерген ел сол бір бағыттан алшақтап, бүгінде ысырапшылдықты ырым етіп алғандай. Осындай олқылыққа тосқауыл қою мақсатында жуырда аудандық мәдениет үйінде қоғамдық кеңестің кезектен тыс кеңейтілген отырысы өтті.
Жиында қоғамдық кеңестің төрағасы Талайлы Әмитжанұлы мен Қызылорда облысының бас имамы Болатбек Ұласқанұлы және аудан әкімінің орынбасары Дәурен Оңғарбайұлы қалың жұртпен «Ысырап – қоғам дерті» тақырыбын талқылады.
Мінберден алғы сөзді алған Болатбек қажы Алла ысырапшылдықты сүймейтінінен бастады.
– Жалпы біреудің анасы, аға-әпкелері дүние салғанда көңілшіл ет-жақындарына қарызға белшеден батып, дастарқан жайып жатады. Оның бұрыстығын білсек те, «Ұят өлімнен артыққа» салып, аттап өтеміз. Бұл да ысырапшылдықтың, шашпаның бір түрі.
Құрметті жиналған қауым! Алла ысырапшылдықты сүймейді. Сондықтан шашпа-төкпеден аулақ болып, бұл үрдістен арылғанымыз абзал, – деді облыстың бас имамы.
Содан соң, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оразғали Бекбанов пен Аман Дінахмет аталған мәселеге қатысты жайында ұсыныстарын жеткізді. Жаназада тақырға ақша тарату, рушыл ақсақалдарға шапан жауып, тойша тойлап, дастарқанды жайната жаю мәселелерін көтеріп, аталған үрдістерді тоқтатуды ұсынды.
Жиынды қорытындылаған әкімінің орынбасары Д.Тілеуімбетов те тақырыпқа байланысты бірқатар өзекті мәселелерді көтерді.
– Бүгінгі отырыста жас ұрпақты жақсылыққа жетелейтін, көптің көкейінде жүрген жиын өтіп жатыр. Көп жерде қозғалып, айтылып жүріп, іске келгенде еш қозғалыс, нәтиже шығармай жатамыз. Қуанышқа орай ардагерлер кеңесі, қоғамдық кеңес пен жергілікті дін өкілдерінің жұмылуымен бүгін нақты іске көшкелі отырмыз. Бұл өте қуантарлық жағдай. Ата-бабамыз салып кеткен сара жол, салт-дәстүр, жоралғымызды ұстануға тиіспіз деп ойлаймын.
Қазір жария болғалы отырған үндеуге байланысты аудандық, қала, кент және ауылдық жерлерге тапсырмалар беріледі, – деді ол.
Одан кейін Т.Бөріқұлақов аудандық қоғамдық кеңес, орталық Жанқожа батыр мешіті, үндеуін жариялады.
– Біз, бүгінгі жиынның қатысушылары барша аудан жұртшылығын ас беру, жаназа шығару, зират салу, жалпы марқұм болған адамдардың асын жөн-жоралғыға сәйкес өткізу мәдениеті жөніндегі төмендегі талап-өтініштерді орындауда үндейміз. Аталған үндеу ауданда құдайы ас беру мәдениетін қалыптастыруды, ысырапқа жол бермеуді, көрсетілген талаптарды ескеруді көздейді.
Заманауи өмір әкеліп тіреген тығырықтың бірі – ысыраптың шарықтау шегіне барып, орташа тұрмыс, қоңыр тірлік жайлы түсініктің толық жойылуына себеп болып отыр. Соның ішінде, аста-төк жасалған құдайы астарға жайылған дастарханның өзі ысырапшылықтың шектен шыққанының бір көрінісі.
Кейінгі уақыттарда түрлі деңгейдегі жиындар мен құдайы астар, жаназа кезінде ысырапшылдыққа орын беріліп жатады. Қазақ мақалында «Жан қайғысы болған үйде мал қайғысы болмасын» деген сөз бар. Сондықтан да әр нәрсені өзіндік нормаларымен атқарған дұрыс болады, – деп қоғамдық кеңес төрағасы үндеудің бүге-шүгесімен рубасылар мен ақсақалдар таныстыра кетті.
Жиналған қауым айтылған ұсыныстар бойынша пікір білдірді.

С.АҚМЫРЗА
Серік АҚМЫРЗА
18 ақпан 2023 ж. 362 0

Сақтық – саулық кепілі

04 мамыр 2024 ж. 69

Маңызды мәжіліс

04 мамыр 2024 ж. 45

Ынтымағы жарасқан

03 мамыр 2024 ж. 77

Қазақ тілі трендте

03 мамыр 2024 ж. 83

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031