Топ-баннер
Топ-баннер2
Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік кеңесте білім орындарының жылу маусымына дайындық барысына мониторинг жүргізу ұсынылды

Әлеуметтік кеңесте білім орындарының жылу маусымына дайындық барысына мониторинг жүргізу ұсынылды

Бүгін «AMANAT» партиясы аудандық филиалы жанындағы Әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді.
Партия филиалының мәжіліс залында өткізілген жиынды кеңес төрағасы Талайлы Бөріқұлақов жүргізіп, күн тәртібіне сәйкес екі мәселе қаралды. Бірінші кезекте жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кезекті Жолдауы жөнінде кеңес мүшесі Шарбану Баекеева негізгі басым бағыттарға қысқаша тоқталып, өз пікірін білдірді.  Мұнан соң аудан бойынша білім беру ұйымдарының қауіпсіздігі және жылу маусымына дайындығы туралы білім бөлімінің сектор меңгерушісі Кенжетай Шамшадинов баяндады.
Өз кезегінде сөз алған кеңес мүшелері білім алушылардың жылу кезеңінде еш кедергісіз білім алуына тиісті дайындық жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты. Сонымен бірге алдағы күндері партиялық бақылау тобының білім орындарының жылу маусымына дайындығына бақылау жүргізу жөнінде ұсыныс берілді.
Отырыс қорытындысы бойынша кеңес төрағасы Талайлы Әмитжанұлы жауапты тұлғаларға аталған орындарда қауіпсіздікті баса назарда ұстап, жылу беру маусымына дайындық жұмыстарын пысықтау керектігін айтып, бірқатар ұсынымдар қабылдады.
#AMANAT
23 қыркүйек 2022 ж. 507 0

Жеті сұлудың сарқырамасы

07 наурыз 2026 ж. 157

Алтын құрсақты ана

07 наурыз 2026 ж. 140

Талантымен топ жарғандар

07 наурыз 2026 ж. 122

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031